«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттері жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттері жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

Бүгін ҚР Премьер-Министрі орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттері жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Ведомство жұмысының негізгі бағыттары бойынша 2023 жылғы қорытындылары туралы бағынысты комитеттер Төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қаржы министрлігіне алдағы кезеңге бірқатар басым міндеттер қойды.

Н. Байбазаров өз сөзінде «көлеңкелі» экономиканы төмендету бойынша кешенді шаралар қабылдауды, салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, оны цифрландыру арқылы бюджеттің өз кірістерін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар жаңа Салық және Бюджет кодекстерін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңды сапалы дайындау қажеттілігін атап өтті. Әлемдік озық тәжірибені, қоғам мен бизнестің пікірін ескеру тапсырылды.

Қорытындылай келе ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев 2023 жылдың қорытындысы бойынша комитеттер қызметіндегі бірқатар тармақтарды белгіледі. Атап айтқанда, бюджет қаражатын игеру, цифрлық шешімдерді ескере отырып, мемлекеттік мүлікті есепке алу процестерін қайта қарау, сондай-ақ ведомстволық бақылауды күшейту.

М.Такиев ағымдағы жылға арналған міндеттерге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салық-бюджет саясатының басымдықтары өнімсіз шығыстарды қысқарта отырып, толық экономикалық табыс алуға, тиімді фискалдық жүйе мен сапалы сервисті қамтамасыз ету жолымен бизнес пен халық үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталатын болатынын, сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асырылуын атап өтті.

2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының толық нұсқасы ресми YouTube парақшасында: