ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев БҰҰ Бас хатшысының Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев БҰҰ Бас хатшысының Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев БҰҰ Бас хатшысының Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, медицина ғылымдарының докторы Наджат Маалла Мджидпен кездесті.

Мәди Төкешұлы балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыруға бағытталған мемлекеттік шаралар мен бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі екендерін, сондай-ақ балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту және жас ұрпаққа қауіпсіз ортаны қалыптастыруды көздейтін ынтымақтастықты дамытуға бейілдігін растады.