Ташкентте Түркі инвестициялық қорының 2025 жылғы қызметі қорытындыланды.

Ташкентте Түркі инвестициялық қоры басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтіп, онда ұйымның былтырғы қызмет нәтижелері пысықталды. Алқалы жиынға Қазақстанның Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил қатысып қайтты. Оның барысында қордың жылдық есебі және аудиттен өткен қаржылық есебі, сыртқы аудиторды таңдау мәселесі, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер қаралды. Осы орайда Дәурен Кеңбеил Түркі инвестициялық қорының басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасы басқарушысының орынбасары екенін айта кетейік.  Түркі инвестициялық қоры – оның мүшелігіне кіретін мемлекеттердің экономикалық дамуы мен саудасын ілгерілетуге құрылған халықаралық қаржы ұйымы. Оның қатарында Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан бар.