GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Қызметі
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің Республика күніне арналған құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды келе жатқан 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Республика күні зайырлы мемлекетімізді нығайту жолындағы тарихи белес, тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын ұлттық мереке

Бұл күні ел тарихындағы маңызды саяси құжат – Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашылды. Егемендік декларациясы мемлекетіміздіңқаржы-экономикалық әлеуетін нығайтып, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етті. Елдігіміздің еңсесін көтеріп, абыройымызды асырды. Ұлттық экономикағатың серпін беріп, мемлекеттік қаржы жүйесінің қалыптасуына септігін тигізді

 

Басты жетістігіміз – халқымыздың ынтымағы нығайды, қоғамда келісім мен тұрақтылық орнады.  Осы орайда әрбір қазақстандыққа бейбіт өмір, бақытты болашақ, береке-бірлік пен мол табыс тілеймін! Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

 

Құрметпен,

ҚР Қаржы министрі 

Мәди ТАКИЕВ

 

23 октября 2026
Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде 25 қазанда атап өтілетін ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында адал еңбегі, кәсібилігі және елдің дамуына қосқан үлесі үшін ведомствоның бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев ұжымды мерекемен құттықтап, Республика күнінің мемлекеттіліктің, бірліктің және Қазақстанның тәуелсіз даму жолының символы ретіндегі ерекше маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың және елдің одан әрі дамуы жолында әрбір азаматтың жауапкершілікпен еңбек етуінің маңыздылығына тоқталды.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталып, ол мерекелік көңіл күйді айшықтап, патриотизм, бірлік және Отанға деген құрмет рухын нығайтты.

23 октября 2026
Қаржы министрлігінде Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ҚР ҚМ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін енгізу нәтижелері, сондай-ақ «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары мен олардың көрсетілуіне байланысты мониторинг мәселелері қаралды.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев СӘИЖ енгізу туралы айтып берді. Оның айтуынша, озық жүйе бизнес-процестерді автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау, деректердің сапасы мен анықтығын арттыру, тәуекелге бағдарланған салықтық бақылауды жетілдіру, сондай-ақ салық саласындағы құқық бұзушылықтар мен берешекті жедел анықтау арқылы салықты басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Аталған жүйе бюджетке түсетін кірістердің уақтылығын арттыруға, салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, мемлекеттік органдардың еңбек шығындарын қысқартуға, адами фактордың ықпалын барынша төмендетуге, салықтық рәсімдердің ашықтығын және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға әсер етеді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Ақпараттық-есепке алу орталығының басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жеткізді.
Ұйым басшысы қазір Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды алатын тұлғаларға қатысты мониторингті жүргізу бағытында Baqylauda цифрлы сервисін іске қосу және оның толыққанды жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бұл іс-шаралар мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде салық және кедендік жеңілдіктердің бірыңғай мемлекеттік цифрлы есебін қалыптастыруға, тиісті мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізуге және көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелері жоғарыда аталған мәселелерді талқылап, ведомство өкілдеріне  сұрақ қойды.

23 октября 2026
Ташкентте Түркі инвестициялық қорының 2025 жылғы қызметі қорытындыланды.

Ташкентте Түркі инвестициялық қоры басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтіп, онда ұйымның былтырғы қызмет нәтижелері пысықталды. Алқалы жиынға Қазақстанның Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил қатысып қайтты. Оның барысында қордың жылдық есебі және аудиттен өткен қаржылық есебі, сыртқы аудиторды таңдау мәселесі, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер қаралды. Осы орайда Дәурен Кеңбеил Түркі инвестициялық қорының басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасы басқарушысының орынбасары екенін айта кетейік.  Түркі инвестициялық қоры – оның мүшелігіне кіретін мемлекеттердің экономикалық дамуы мен саудасын ілгерілетуге құрылған халықаралық қаржы ұйымы. Оның қатарында Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан бар.

21 октября 2026
Қазақстан мен Пәкістанның кеден саласындағы ынтымақтастығы нығайып жатыр

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтайда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасында кеден ісіндегі ынтымақтастықты және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын таныстырды.

Бұл келісім екі елдің құзырлы органдарының тұрақты және тиімді өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған. Құжатта жедел ақпарат алысу, қауіптердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ кеден саласындағы іс-әрекетті үйлестіруді көзделген.

«Осы құжатты ратификациялау жедел ақпарат алысуды және бірлескен шараларды келісуді қоса алғанда, кеден саласындағы өзара іс-қимыл мен уақтылы ынтымақтастыққа құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді М.Такиев.

Келісімдегі тетіктерді жолға қою екі мемлекеттің кеден органдарының ынтымақтастығын жүйелі түрде құруға және олардың өзара іс-қимылының жеделдігін арттыруға әсер етеді.

Оны орындау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды, кеден заңнамасына өзгерістер енгізуді қажет етпейді және бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсері тигізбейтінін айта кетейік.

21 октября 2026
Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің өзара іс-қимылын кеңейтіп келеді

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтай депутаттарына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын таныстырды.

Аталған келісім былтыр 15 қарашада Ташкентте жасалып, кеден саласындағы өзара іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Құжатта жедел ақпарат алысып, ынтымақтастық жөніндегі шараларды келісу мен құзырлы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру қарастырылған.

Қазір Қазақстан-Өзбекстан шекарасында 11 өткізу пункті жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 8 автомобиль және 3 теміржол өткізу орны бар. 2025 жылы «Қапланбек», «Қазығұрт» және «Атамекен» өткізу пункттерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Таяуда «Жібек Жолы» өткізу пунктін пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңғырту жұмысы жолаушыларды, жүк және автомобиль көлігін қабылдауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. 9 айда өткен көлік саны 650 мыңға жетті.

«Осы келісімді ратификациялау Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтерінің өзара іс-қимылының қосымша институционалды тетігін жолға қояды. Бұл кеден саласын басқарудың тиімділігін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекеттеріміз арасындағы өзара сауданы дамытуға әсер етеді», деп атап өтті Мәди Төкешұлы.

Келісімді орындау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты бөлуді, кеден заңнамасына өзгерістер енгізуді қажет етпейді және бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсерін тигізбейді.

 

 

16 октября 2026
Қазақстан делегациясы Таиланд Корольдігіндегі халықаралық іс-шараға қатысты

Жуырда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Бангкок қаласында өткен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы күзгі кездесулеріне қатысып қайтты. Вице-министр халықаралық қаржы институттарының басшыларымен, жетекші әлемдік рейтингтік агенттіктердің және ірі инвестициялық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Оның барысында Қазақстанның қаржы-экономикалық дамуы, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолдары және халықаралық қаржы нарығындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Айталық, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен болған кездесуде Дәурен Маратұлы ұйымның еліміздегі экономикалық реформаларды қолдап, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен орнықты дамуға бағытталған қолдауы маңызды екенін жеткізді. Тараптар Қазақстанға техникалық көмек көрсетуден бөлек, тұтастай екіжақты әріптестікті нығайтудың перспективасын пысықтап өтті. Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен өткен кездесуде 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Елдік әріптестік стратегиясы аясында Қазақстан Үкіметінің алдағы бес жылға арналған басымдықтары жөнінде, бірлескен перспективалы жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастықты арттыру жайлы айтылды. Ал Euroclear компаниясының басшылығымен қаржы саласындағы байланысты тереңдету, оның ішінде еліміздің қаржы құралдарын халықаралық нарыққа интеграциялау және мемлекеттік бағалы қағаздарды клирингтеу үдерісіне қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар ірі халықаралық инвестициялық қорлар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен өткен Citi's Investment Roundtable инвестициялық дөңгелек үстелі аясында Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері жөнінде тарқатылды. Өз кезегінде Қаржы министрінің орынбасары еліміздің халықаралық қаржы институттарымен және инвесторлармен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты. Бұл орайда инвестициялық қатынасты күшейту мен ұлттық экономикалық басымдықтарды ілгерілету жөніндегі жұмыс жалғастырылатынын айта кетейік.

16 октября 2026
Қаржы министрлігі мен аудиторлар қауымдастығы аудиторлық қызметтегі цифрландыру барысын талқылады

ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың төрағалығымен кәсіби аудиторлар қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Аталған басқосуға ҚР Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева қатысты.

Оның барысында министрлікке қарасты «Қаржылық есеп депозитарийі» ақпарат жүйесіндегі аудиторлық есептерді қалыптастыру мәселелері қаралды. Биыл 12 шілдеден бастап «Аудиторлық қызмет туралы» Заңда (2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII Заңға сәйкес енгізілген) қарастырылған өзгерістер күшіне енген болатын. Аудиторларға Қаржылық есепт депозитарийінде электронды аудиторлық есепті қалыптастыруға және тіркеуге мүмкіндік берілді. Ал жазбаша түрде жасалған есеп дайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде депозитарийде тіркелуге тиіс.

Бұл ретте тиісті есеп тікелей Қаржылық есеп депозитарийінде қалыптастырылған кезде оның қағаз түріндегі данасы кейіннен сканерлеп, электронды есеп ретінде жеке тіркеуге талап етілмейтінін атап өткен жөн. Осы арқылы құжатты рәсімдеу мен ұсыну кезіндегі операциялардың саны азаяды. Десе де есепті жазбаша түрде жасау мүмкіндігі сақталады.

Цифрландыру аудиторлық есептердің дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз етуге, деректерді жүйелеуге және сенімсіз мәліметтерді ұсынуға байланысты, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Бұдан бөлек кездесуде ҚЕД жұмыс істеу мен ақпарат құпиялығын қамтамасыз етудің практикалық мәселелері қаралды. Тараптар пікір алысып, одан әрі пысықтауды талап ететін мәселелерді анықтады.

Ведомство кәсіби ортамен бірлесіп, аудиторлық қызметті реттеу мен цифрландыруды жетілдіруге бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.

14 октября 2026
2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында адами капиталға 10,5 трлн теңге қарастырылған

ҚР Құрылтайының жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды. Аталған құжат 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде дайындалып, онда бюджеттік және макроэкономикалық сын-қатер ескерілген.

 «Басты мақсат – экономикалық өсімді ынталандыру, қаржы жүйесіндегі тәртіп пен мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені күмәнсіз орындау арасындағы балансты сақтау. Бұл бюджеттің басты назарында адам және адамға бағдарланған инвестиция», деді Мәди Төкешұлы.

2027 жылы республикалық бюджеттің кірісі 25,4 трлн теңге мөлшерінде, ал шығыстар 30,2 трлн теңге межесінде болжанып отыр. Тапшылық – 4,6 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 2,3% болмақ. 2029 жылға қарай меншікті кірісті 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған.

Келесі жылы адами капиталға 10,5 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 35% бөлу қарастырылған. Оның 6,9 трлн теңгесі әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға, 2,5 трлн теңгесі денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Бұл қаржыландыру аясында тегін кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру қамтылып отыр.

Білім беру мен ғылым саласында 18 мың баланы сауықтыру және оңалту, 76 мың педагогтың біліктілігін арттыру, «Келешек мектептері» жобасына сәйкес 217 мектепте білім беру әдіснамасын жетілдіру, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттарды 25 мыңға жуық жатақхана орнымен қамту көзделген. Ғылыми жобалардың жаңа пулына 60,4 млрд теңге қарастырылған.

Өңірлерді қолдауға жыл сайын 7,4 трлн теңге немесе бюджеттің 24,8% бағыттау жоспарланып отыр. Жалпы сипаттағы трансферттер 12 базалық бағыт бойынша Өңірлік стандарттар жүйесімен байланыстырылған. Мұндай тәсіл халыққа қажетті әлеуметтік және коммуналды инфрақұрылымға қаражат бөлуді көздеп, жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді шешуге байланысты өңірлердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

2027 жылы нақты секторды дамытуға 3,7 трлн теңге бағытталады. Бұл 2026 жылғы арналған жоспардан 600 млрд теңгеге көп. Аталған сома көлік инфрақұрылымына, агроөнеркәсіптік кешенге, өнеркәсіп пен құрылысқа, сондай-ақ кәсіпкерлік пен цифрлы дамуға жұмсалады.

Экономиканың дамуын ынталандыратын шығыстардың жалпы көлемі – 7,5 трлн теңге. Ұлттық қор есебінен үшжылдық кезеңде көлік және логистика, әлеуметтік инфрақұрылым, энергетика және су ресурстары салаларында 347 стратегиялық жоба іске асырылатын болады. Бұл шамамен 31 мың жұмыс орнын ашып, 13 млн адамға инфрақұрылымдық игіліктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Заң жобасы Құрылтайдың жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарында талқыланып жатыр.

 

 

13 октября 2026
Қаржы министрлігінде салық тексерістерінің сапасы мен бизнестің шағымдарын қарау қорытындылары талқыланды

ҚР ҚМ Апелляция департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитеті салық саласындағы тексеру жұмыстарының сапасына байланысты бірлескен кеңес өткізді. Онлайн форматта өткен талқылауға МКК-нің аумақтық департаменттер қатысты.

Алқалы басқосу Жәнібек Нұржанов пен Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен өтті. Апелляциядепартаментінің директоры Серік Айсин шекті межеден асып кеткен ҚҚС қайтаруға байланысты салық тексерісі кезіндегі негізгі бұзушылықтар жөнінде айтып берді.Бұған қоса сенімсіз қызмет ұсынушылармен (жеткізушілермен) болатын өзара есеп айырысуға қатысты тексеру сапасына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ апелляциялық комиссия отырыстарының қорытындысына сәйкес салық тексерістерінің нәтижелері жойылатыны жөнінде де айтылды. Бұған «Пирамида» тәсілі бойынша жасалған сапасыз есеп пен қайтарылуы тиіс ҚҚС сомасының есебіндегі кемшіліктер, қарсы тексерулерді жүргізуге байланысты сұраныстың дер кезінде жіберілмегені, сондай-ақ экспорт операцияларын растайтын құжаттардың еленбей қалғаны, тауарларды қадағалау тізбегіне жасалған сапасыз талдау мен жұмыстар немесе қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылмағаны әсер еткен.

Бұдан бөлек биылғы 9 айдағы салық және кеден дауларын қарауға қатысты апелляциялық комиссия жұмысының нәтижелері айтылып, соған сәйкес салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларынан келіп түскен 323 шағымының 194-і қаралған

Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша бизнестің пайдасына 57 тексерістің нәтижелері толықтайнемесе ішінара жойылды.

Бұл орайда салық және кеден саласындағы тексеру жұмыстарының сапасы министрліктің тұрақты бақылауында екенін айта кетейік

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы