«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № бұйрығына ___ «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № бұйрығына ___ «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген.
Бұйрық камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың (бұдан әрі – Хабарлама) орындалуын бақылауды күшейту, Хабарламаларға шағымдану тәртібін жетілдіру, ішкі аудиттің тәуекел бейіндерін жаңартуы көзделген.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) занында – 2023 жылдың 21 шілдеде орналыстырылды.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың
4 тамызға дейін.