Қазақстан мен Пәкістанның кеден саласындағы ынтымақтастығы нығайып жатыр

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтайда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасында кеден ісіндегі ынтымақтастықты және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын таныстырды.
Бұл келісім екі елдің құзырлы органдарының тұрақты және тиімді өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған. Құжатта жедел ақпарат алысу, қауіптердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ кеден саласындағы іс-әрекетті үйлестіруді көзделген.
«Осы құжатты ратификациялау жедел ақпарат алысуды және бірлескен шараларды келісуді қоса алғанда, кеден саласындағы өзара іс-қимыл мен уақтылы ынтымақтастыққа құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді М.Такиев.
Келісімдегі тетіктерді жолға қою екі мемлекеттің кеден органдарының ынтымақтастығын жүйелі түрде құруға және олардың өзара іс-қимылының жеделдігін арттыруға әсер етеді.
Оны орындау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды, кеден заңнамасына өзгерістер енгізуді қажет етпейді және бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсері тигізбейтінін айта кетейік.