2021 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 11,4 трлн. теңге деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ұсыну барысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады.