2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасында медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдауға 238,7 млрд. теңге сомасында қосымша шығыстар көзделді.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді.

Министрдің сөзіне сәйкес, шығыстар мынадай бағыттарға жұмсалатын болады:

- карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд. теңгеге қосымша ақы төлеу;

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID – 19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 83,2 млрд. теңге;

- ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақылар төлеуге –
11,7 млрд. теңге.

Е.Жамаубаев атап көрсеткендей, әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға 261,7 млрд. теңге сомасында шығыстар көзделген.

Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделген.

Бұдан басқа, бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды.