Жалпы ақпарат

Барлыбаев Төлежан Тұрсынұлы
Сағынова Жанна Ниязбекқызы

Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Елшілік туралы

Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 1 қаңтарда орнатылған. Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі 2019 жылғы желтоқсанда ашылған. 2024 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Словакиядағы Елшісі Ж.Н.Сағынова болып табылады.

Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Словакиядағы мүдделеріне өкілдік етеді.

Елшіліктің негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының Словакиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;

- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Словакияның құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- Қазақстан Республикасының Словакиямен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Словакиямен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

- Қазақстан Республикасының Словакиямен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;

- консулдық қызмет;

- өзге де міндеттер.

Екіжақты ынтымақтастық