Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынас

Жалпы мағлұмат

1993 ж. 1 қаңтар – Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылған күні.

2005 ж. Словакияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2006 ж. Елшінің Прагадағы тұрақты резиденциясымен Қазақстанның Братиславадағы дипломатиялық өкілдігі ашылды.

2009 ж. ҚР-дың Чехиядағы және Словакиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі ашылды.

2019 ж. 18 шілдеде Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі ашылды.

2022 ж. маусымнан бастап ҚР-дың СР-дағы Елшісі Төлежан Барлыбаев.

2022 ж. қыркүйектен бастап СР-дың ҚР-дағы Елшісі Роберт Кирнаг.

 

Ең жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Словак Республикасына 2007 ж. 20-21 қарашада мемлекеттік сапармен барды.

Словак Республикасының президенттері Қазақстанға үш мәрте сапармен келді (Р. Шустер – 2001 ж. 14-15 қарашада ресми сапармен; И. Гашпарович – 2010 ж. 29-31 наурызда ресми сапармен және 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне словак делегациясының басшысы ретінде).

2018 жылғы 15-16 қарашада Словакия Премьер-министрі П.Пеллегрини Қазақстанға ресми сапармен келді.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Словакияға:

- ҚР Парламенті Мәжілісі және Сенаты депутаттарының (1999-2017 жж. аралығында 6 рет);

- Братиславада НАТО Парламенттік ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысу үшін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының (2019 ж. 31 мамыр-3 маусым);

- Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі ретінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтановтың (2015 ж. 23-24 ақпан) сапарлары болып өтті.

Қазақстанға:

- СР Халық Радасы Еуропа істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары П.Кмецтің Қазақстандағы парламенттік сайлауға байқаушы ретінде (2023 жылғы 18-19 наурыз);

- СР Халық Радасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы, ЕКПА-дағы делегация мүшесі М. Керидің (2021 жылғы 22 қараша);

- СР Халық Радасының төрағалары П. Пашканың (2013 ж. 10-13 маусым), А. Данконың (2019 ж. 23-24 қыркүйек);

- СР Халық Радасы Конституциялық-құқықтық комитетінің төрағасы Р. Мадейдің (2015 ж. 24-27 сәуір);

- Қазақстан-Словакия парламентаралық достық тобының басшысы П. Марчек бастаған словак парламенті депутаттарының (2017 ж. 9-10 маусым, Достық тобының қазақстандық депутаттарымен кездесті) сапарлары өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан-Словакия» парламенттік достық тобының жетекшісі – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы А.Сарым, словак тарапынан – 9-шақырылымдағы Халық Радасы депутаттары арасынан достық тобының төрағасы мен мүшелері әлі тағайындалған жоқ.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Қаржы министрлігі МКК деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 138,9 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 2,2 млн. долл., импорт – 136,7 млн. долл.), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 13,3%-ға артық (122,6 млн. долл., экспорт – 1,9 млн. долл., импорт – 120,7 млн. долл.).

Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі – Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия. ҮАК тең төрағалары: қазақстандық тараптан – Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Н.Шарбиев, словак тарапынан – Экономика министрлігінің мемлекеттік-хатшысы В.Шимоняк.

 Қазіргі таңға дейін Комиссияның 9 отырысы өткізілген (соңғысы 2022 ж. 10-11 наурызда Братиславада өтті). ҮАК келесі 10-шы отырысы 2024 жылдың сәуірінде Астанада өтеді деп жоспарланған.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінің жанында Қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, мұнда қазақ әдебиеті кітапханасы, қазақ тілін үйрену бұрышы, Қазақстанның спорт даңқы сарайы, қолданбалы өнер, тоқылған кілемдер және ұлттық киімдер мұражайы, «Менің Қазақстаным» панорамалық фотосуреттер көрмесі, сондай-ақ балалар суреттерінің көрмесі ашылған. Сонымен қатар Елшілікте диаметрі 6 м іші ұлттық нақышта толық безендірілген қазақ киіз үйі бар, ол Словакияның бірқатар қаласында көрмеге қойылды.

Словакияда Елшілік ашылғаннан бері словак тілінде «101 zážitkov z Kazachstanu» («Қазақстаннан 101 әсер»), Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», Мағжанның Жұмабайдың өлеңдері жинағы, қазақ мақал-мәтелдері жинағы жарық көрді.

Братиславада тұрақты түрде қазақстандық шығармашылық топтар мен орындаушылардың концерттері өтіп тұрады: «Арнау» қазақ этно-фольклорлық ансамблінің концерті (24 наурыз 2023 ж.), «Дәуір» этно-фольклорлық ансамблі мен «Шабыт» ҚазҰӨУ оркестрінің гала-концерті (26 сәуір 2017 жыл) , гала-концерт және Kazakhstan Fashion Week Astana қазақстандық сән индустриясының көрсетілімі (6 желтоқсан 2017 ж.). Әр түрлі жылдары Словакияда «Қазақстан камератасы» ансамблі, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Мұхамедқызы, Ж.Серкебаева және т.б. өнер көрсетті.

2023 ж. 19-20 қыркүйекте Братиславада Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақ киносы күндері өтті.

Жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер мен байланыстар магистранттар мен докторанттарды екі елдің жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге, докторлық диссертацияларға бірлескен ғылыми жетекшілік жасауға, студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамымен алмасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен СР Ғылым академиясы арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы келісім аясында өзара іс-қимыл іске асырылуда, бұл ғылыми қауымдастықтар арасындағы, оның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, PhD деңгейінде оқуға, постдокторантурада жұмыс істеуге және басқа да нәрселерге мүмкіндік береді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Embassy of Kazakhstan 🇰🇿 in the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары