Жалпы ақпарат

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіз.
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 5 қазанда орнатылды.
2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Ноғаев Нұрлан Асқарұлы атқарады.
Сайт қалың жұртшылықты Ашғабаттағы дипломатиялық миссияның қызметімен таныстыру, сондай-ақ Түрікменстанда тұратын Қазақстан азаматтарына және Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген шетел азаматтарына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында ұсынылған.