
Қазақстан-түрікмен қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 5 қазанда орнатылды.
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Нұрлан Асқарұлы Ноғаев (2024 жылғы 20 маусымнан бастап).
Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Батыр Дурдымуратович Реджепов (2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап).
Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында ҚР-дың Консулдығы, Қазақстанның Ақтау қаласында Түрікменстанның Консулдығы қызмет атқаруда.
Саяси саладағы өзара іс-қимыл.
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қатынастар тәуелсіздік алған сәттен бастап достық және стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді.
Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын 59 құжат құрайды. Негізгілері: «Одан әрі ынтымақтастықты дамыту туралы» Декларация (1997 ж.27 ақпан) және «Стратегиялық әріптестік туралы» шарт (2017 ж. 18 сәуір).
Жоғары деңгейдегі сапарлар
2019 жылғы 11 қазанда ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаев ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды
2021 жылғы 5-6 тамызда ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін Түрікменстанға (Түрікменбашы қ.) жұмыс сапарымен барды
2021 жылғы 24-25 қазанда ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары өтті Сапар барысында Мемлекет басшысы Түрікменстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Битараплық" (Бейтараптық) орденімен марапатталды. Сапар қорытындысы бойынша 20 құжатқа қол қойылдыоның ішінде Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау және Каспий теңізіндегі балық аулау аймақтарының аралас учаскелерін бөлу туралы шарт; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметінің арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім.
2022 жылғы 29 маусымда VI Каспий саммитіне қатысу үшін ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Түрікменстанға жұмыс сапары өтті. Сапар барысында халық Маслахатының төрағасы Г. Бердімұхамедов "Алтын Қыран"орденімен марапатталды.
2022 жылғы 14 қазанда Түрікменстан президенті С. Бердімұхамедов Астана қаласында ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің кезекті отырысына және "Орталық Азия Ресей"бірінші саммитіне қатысты.
2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан президенті С. Бердімұхамедовтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары өтті.
Сапар қорытындысы бойынша 13 құжатқа қол қойылдыоның ішінде Түрікменстан Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2022-2024 жылдарға арналған кешенді ынтымақтастық бағдарламасы.
2023 жылғы 3 қарашада түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Г. Бердімұхамедовтың түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттері басшыларының 10-шы саммитіне қатысу үшін Қазақстан Республикасына жұмыс сапары өтті.
2024 жылғы 4-5 шілдеде ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Г.Бердімұхамедовтың Астанаға жұмыс сапары өтті.
2024 жылғы 9 тамызда Түрікменстан президенті С.Бердімұхамедовтың 6-шы КВГГЦ-ке қатысу үшін Астанаға жұмыс сапары өтті.
2024 жылғы 8 қыркүйекте түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Г. Бердімұхамедовтың 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға жұмыс сапары өтті.
2024 жылғы 17 қыркүйекте Түрікменстан президенті С. Бердімұхамедов Астана қаласында өткен "Орталық Азия-Германия" екінші саммитіне қатысты.
2024 жылғы 10-11 қазанда ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапары өтті, сондай - ақ Мемлекет басшысы "Уақыт пен өркениеттер арасындағы байланыс-бейбітшілік пен дамудың негізі"халықаралық форумына қатысты.
Қол жеткізілген уағдаластықтар мен қабылданған екіжақты құжаттар арасында достық пен көпжақты стратегиялық әріптестікті нығайту туралы Декларация орталық орынды алады
Сапар барысында саясат, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, шекара маңы ынтымақтастығы, Спорт және туризм, білім және мәдениет салаларында барлығы 21 құжатқа қол қойылдыоның ішінде Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достық пен көпжақты стратегиялық әріптестікті нығайтудың 2025 2027 жылдарға арналған екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрін қамтитын кешенді бағдарламасы.
Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою тараптар уағдаластықтарының маңызды нәтижесі болып табылды.
Энергетика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту басым міндет болып айқындалды. Қазақстандық тарап Түрікменстанның газ конденсатты кен орындарын игеру, сондай-ақ құбыр инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі жобаларға белсенді қатысуға ниет білдірді.
Сапар қорытындысы бойынша "QazaqGaz" компаниясы мен "Түрікменгаз"мемлекеттік концерні арасында газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды
Екі елдің басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасында тұрақты әуе қатынасын тезірек жаңарту мүмкіндігін қарастыруға келісті
2019 жылғы маусымнан 2024 жылғы наурызға дейінгі кезеңде Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері арасында 8 телефон сұхбаты өтті, оның барысында Мемлекет басшылары екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ атаулы күндер бойынша өзара құттықтаулармен алмасты.