Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Орта Шығыс, Азия және Тынық мұхит елдері жөніндегі Бас директорының орынбасары Мерван Бедримен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.