Қазақстан мен Эфиопия саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Эфиопия саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Аддис-Абеба, 2026 жылғы 21 қазан – Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің саяси департаментінің басшылығымен кездесу өтті.

Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең спектрі талқыланды, сондай-ақ екі ел басшыларының 2026 жылғы қыркүйекте Нью-Дели қаласында өткен БРИКС-тің XVIII саммиті аясындағы кездесуідің нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды.

Кездесу аясында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, екі елдің іскер топ өкілдері тарапынан ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды орнатуға деген қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті.

Әңгіме барысында сондай-ақ жоғары білім беру, жасанды интеллект және цифрлық даму, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласында өзара байланыстылық сияқты бағыттағы салалық мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты бірлесіп үйлестіру контекстінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Астана мен Аддис-Абеба арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы парламентаралық дипломатияның ерекше рөлі атап өтілді. Көпжақты форматтардағы ынтымақтастық бойынша мәселелер де қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастық рухындағы іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.