Жалпы ақпарат

Қазақстанның Эфиопиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 745 Жарлығына сәйкес ашылды.
Елшіліктің міндеттеріне Қазақстан мен Эфиопия, сондай-ақ Батыс, Орталық және Шығыс Африканың бірқатар елдері (Гана, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Комор аралдары, Сейшел аралдары, Сомали, Эритрея) арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолғабыс ету кіреді. Оның ішінде саяси және мәдени-гуманитарлық іс-қимыл, сауда, инвестициялар, қорғаныс, ғарыш, спорт және т.б. салалар бар.
Бұдан бөлек, Елшілік өзі аккредиттелген Африка одағымен, ЮНЭКА және ИГАД ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға арналған.
Африка одағы — Африканың 55 мемлекетінің басын қосатын халықаралық үкіметаралық ұйым, Африка бірлігі ұйымының құқықтық мұрагері. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) орналасқан.
ЮНЭКА — Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының бірі. АЭК мандаты оған мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесуден, өңірішілік интеграцияны ілгерілетуден және Африканың дамуы жолында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етуден тұрады. Штаб-пәтері Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) орналасқан.
ИГАД — Шығыс Африканың даму жөніндегі үкіметаралық органы. Оның құрамына Джибути, Судан, Сомали, Эфиопия, Кения және Уганда сияқты елдер кіреді. Штаб-пәтері Джибутиде орналасқан.