Эфиопияда Қазақстан-Кения қатынастары талқыланды

Эфиопияда Қазақстан-Кения қатынастары талқыланды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Эфиопиядағы Елшісі, Кенияның Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ньери Камаумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2022 жылға жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың сындарлы және өзара тиімді сипаты атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

 

Анықтама: Африканың 55 елінің ішінде Кения Қазақстанмен тауар айналымы бойынша 5-ші орында (Алжир, Мысыр, Марокко, ОАР-дан кейін). Кения Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері арасында ҚР-мен тауар айналымы бойынша екінші орын алады.

ҚР-ның Африкамен тауар айналымы 2021 жылы 483 млн. АҚШ долл., оның ішінде Кениямен 49,1 млн. АҚШ. құрады.

ҚР мен Кения сондай-ақ халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.