ҚР Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысына Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпин, Финляндия Республикасының Елшісі Сойли Макелайнен-Буханист, Австрия Республикасының Елшісі Вилли Кемпель, Мажарстан Елшісі Михай Матяш Галошфаи сенім грамоталарын тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдің дипломатиялық миссиясы басшыларымен әңгімелесу барысында аталған төрт мемлекеттің барлығымен Қазақстанның қарым-қатынасы жақсы және түрлі салалардағы ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.