Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады.
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарына кемсітуге жасауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмысы мен iс жүргiзу тiлi мемлекеттiк тiл болып табылады, орыс тiлi қазақ тiлiмен ресми түрде тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік және қажет болған жағдайда басқа да тілдер пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары жүйесінде есепке алу – статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы жүргізу меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.
Мысалы, Сіз мемлекеттік органға ресми хат жолдадыңыз. Сіздің сұранымыңызға мемлекеттік тілде және орыс тілінде жауап берілуі мүмкін.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 21-бабына сәйкес «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады».
Мысалы, Сіз үйіңіздің жанында орналасқан дүкенде баға көрсеткіштері тек орыс тілінде жазылғанын көрдіңіз. Бұл жағдайда Сіз «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органға шағым жолдай аласыз.
Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты құрайды. Курстың ұзақтығы үш ай. Курс соңында тіл үйренушілер тест тапсырып нәтижесінде сертификат алады.
Мысалы: Сіз курсқа жазылғыңыз келді. Ол үшін Инстаграмда курс туралы хабарландыруды қарайсыз, себебі аталған оқыту курсын жеңіп алған өнім беруші таргет арқылы жариялайды. Осы таргет қосымшада сіз өтінім қалдыра аласыз.
Түсетін өтінімдерді әдіскер өңдейді, содан кейін тыңдаушылар тиісті топтарға қосылады. Топта тестілеу жүргізіліп, деңгей анықталады. Әрі қарай оқыту сол деңгейге сәйкес ұйымдастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.
ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады.
Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi http://10.61.42.188/kaz/docs/Z970000151_#z8.
Мысалы, «Е-Өтініш» жүйесі арқылы М. деген азаматтан қазақ тілінде өтініш келіп түсті. Мемлекеттік орган жауапты мемлекеттік тілде ұсынуы керек.
Қазақ тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді дұрыс айту және жалпы тілдік мәдениетті арттыру мақсатында «Emle.kz» https://emle.kz/kz.
электрондық базасы құрылды. Аталған база «Онлайн диктант», «Ережелер», «Аббревиатура», «Мақалалар», «Кітапхана», «Форум» атты бөлімдерді қамтиды. Бұл базада кез келген сөздің дұрыс жазылуын тексеруге болады.
Мысалы, М. есімді азамат «удивляться» сөзі қазақ тілінде қалай дұрыс жазылатынын білгісі келді делік: «таң қалу» ма, әлде «таңғалу» ма? Сол себепті ол сілтеме арқылы сайтқа өтіп, іздеу жүйесіне «таң қалу» сөзін жазады. Егер бұл сөз табылмаса, демек ол қате жазылған сөз. Дұрыс нұсқасы – «таңғалу».
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады.
Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда. Ол алдымен testcenter.kz сайтына тіркелуі қажет. Одан соң сайттағы «Қазтест» бөліміне өтеді, сол кезде «Тестіленушілерге» батырмасын таңдап, тестілеуден өтуге өтініш береді. Содан кейін Гаухардың жеке кабинетіне тестілеу өтетін уақыты, орны және аудиториясы жазылған хабарландыру келеді.
Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 116 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kz.
Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі тегін оқытылады. Орталықтардан бөлек қазақ тілін жаппай ашық онлайн курсы арқылы үйренуге де болады. Мысалы, азамат Ольга қазақ тілін Астана қаласында офлайн форматта тегін үйренгісі келді. Ол үшін оған Астана қаласының тіл оқыту орталығы «Руханият» КММ сілтеме арқылы ресми парақшасына өтіп https://share.google/tfNcazdEFhSgVjM6L сайтта берілген байланыс нөміріне хабарласып, тегін қазақ тілін оқыту курсына тіркеле аласыз.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу шарттарының бірі – мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуден өту. Тестілеу өткізудің талаптары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларында» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037844 көрсетілген.
Мысалы, шетел азаматы Арон Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тестілеуге қатысқысы келеді. Ол үшін ол https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037844 сілтеме арқылы өтіп, оның талаптарымен танысады. Одан кейін ол testcenter.kz сайты арқылы тестілеуге тіркеліп, тіркелгеннен кейін мемлекеттік тіл, ҚР Конституциясының негіздері мен Қазақстан тарихынан тест тапсырады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z12 «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн».
Мысалы, Сіз мемлекеттік органда жұмыс істейсіз. Басшыңыз Сізге нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу туралы тапсырма берді. Сіз актіні алдымен мемлекеттік тілде әзірлеуіңіз қажет.
Жеке тұлға өзі әзірлеген оқу құралын Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жанындағы сараптамалық комиссияның қарауына ұсынуы тиіс. Оқу құралы комиссияның оң шешімі шығарылған жағдайда ғана жарық көреді.