Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ тілін өз бетінше үйрену үшін «Tilqural.kz» https://share.google/G5moLWTFCHe8wukSc, «Balatili.kz» https://share.google/fMG6c4ySeHMPBGrR6, «Аbai.institute» https://share.google/XX1mNS6RfvE6IjC7C,«Tilmedia.kz» https://share.google/awkAtubA19CBmgr39 сияқты сайттар мен мобильді қосымшалар жұмыс істейді

1. «Tilqural.kz» – қазақ тілін А1, А2, В1, В2, С1 деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін қосымша. Пайдаланушы тіркелгеннен кейін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).

Қосымша сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде пайдалануға, еркін оқуға, өз ойларын ауызша және жазбаша баяндауға, сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерді сауатты жасауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы орындалған сабақтар бойынша статистиканы жеке кабинетінен көре алады.

Бағдарлама Android, iOS платформалары арқылы жүктеп алуға қол жетімді.

2. «Balatili.kz» үш жастан асқан балаларға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыратын тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.

Сайтта баланың жеке жұмысына арналған жұмыс парақтары, педагогтарға, тәрбиешілерге және ата-аналарға арналған әдістемелік парақтар ұсынылған. Грамматика мен орфографияны зерделеу бойынша материалдар, оның ішінде интерактивті әліппе мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамыту үшін тапсырмалар, аппликациялар көзделген.

3. «Abai.institute» 6 тілде (ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған.

Жоба аясында ел азаматтары мен АҚШ, Түркия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Бельгия, Ресей, Иран, Чехия, Өзбекстан, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы қазақ тілін үйренуде.

Бұдан басқа, қазақ тілін оқытуға арналған әмбебап басылым (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері) орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленген, ол «Abai.institute» платформасында орналастырылған.

Портал Android және iOS жүйелерінде қолжетімді.

4. «Tilmedia.kz» – оқыту әдістемесі аудио және бейне контентке негізделген үш тілді сайт. Сайт 5 блоктан тұрады, онда тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер туралы жаңалықтар, сабақтар, оқыту, танымдық аудиожазбалар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер, аудиокитаптар, әдістемелік құралдар, көркем және балалар әдебиеті және т.б. ұсынылған.

Мысалы, Сіз А1, А2 деңгейінде қазақ тілін үйренгіңіз келеді. Бұл үшін Сіз «Tilqural.kz» қосымшасына кіріп тіркелуіңіз қажет. Сіздің деңгейіңізді анықтағаннан кейін, жүйе Сізге тиісті оқу курсын ұсынады, соның көмегімен сіз қазақ тілін тегін оқи аласыз.