Жиі қойылатын сұрақтар
Республикалық терминология комиссиясының қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және ғылым министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығымен бекітілген Республикалық терминология комиссиясы туралы ережемен және 2024 жылғы 5 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген Терминологиялық жұмыстарды жүргізу қағидаларымен реттеледі.
ҚАЗТЕСТ тестілеуінің екі түрі бар: диагностикалық және сертификаттық.
Диагностикалық тестілеу қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Сертификаттау тестілеу – белгілі бір деңгейді бағалау және тағайындау мақсатында жүргізіледі.
Диагностикалық тестілеу республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің қызметкерлеріне ғана жүргізіледі.
Сертификациялық тестілеу «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ педагогикалық ұжымына үміткерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына оқуға түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсетін тұлғаларға, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының докторантурасына түсетін адамдарға, сондай-ақ қазақ тілін меңгеру деңгейін тексергісі келетін барлық азаматтарға жүргізіледі.
ҚАЗТЕСТ тестілеуі қағаз немесе электронды форматта өткізіледі.
Диагностикалық тестілеу ұзақтығы – 1 сағат 10 минут. Диагностикалық тестілеу 60 сұрақтан тұратын келесі блоктарды қамтиды:
Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
Оқылым – 40 тапсырма (50 минут).
Сертификаттық тестілеу ұзақтығы – 2 сағат 7 минут. Сертификаттық тестілеу Тыңдалым, Оқылым блоктары бойынша 60 тест тапсырмасынан, Жазылым блогы бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және Айтылым блогы бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады:
Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);
Оқылым – 40 тапсырма (50 минут);
Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
1) жеке тұлғалар app.testcenter.kz интернет ресурсы арқылы өтініш береді.
2) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми хат жолдау арқылы жүзеге асырылады.
ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжат бойынша кіргізіледі. Тестіленуші жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өткеннен кейін тестілеу өткізуге арналған аудиторияға кіреді.
ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтетін Ұлттық тестілеу орталығының ғимаратына кіргізу тестіленушінің бет-әлпетінің көлемдік-кеңістіктік пішінін сканерлеу арқылы жүзеге асатын жеке басын сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізіледі.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін нәтижемен келіспеген жағдайда апелляцияға өтініш беру қарастырылған.
ҚАЗТЕСТ сертификатының берілген күннен бастап жарамдылық мерзімі – 2 (екі) жыл.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы анықталады.
Еліміздің әлемдік кеңістікке шығуы, технологиялық, мәдени, ақпараттық қарым-қатынастар терминология саласына айрықша ықпал етуде. Соған орай тіліміздің терминологиялық жүйесіне көптеген жаңа ұғымдар қосылуда. Тілдегі жаңалықтар ағынын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, терминологиялық қалыпқа түсіру – уақыт талабы.
Терминдердің бірізді қолданысын қамтамасыз ету мақсатында көпшілікке қолжетімді бірыңғай электрондық терминология база – termincom.kz сайты іске қосылған. Бұл базада қазақ терминологиясының теориялық және практикалық мәселелеріне арналған еңбектер, мақалалар, салалық терминологиялық сөздіктер және Республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер орналасқан. База жыл сайын Комиссия бекіткен терминдермен толығып отырады, жетілдіріледі.
2022 жылдан бері қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы бекітілген терминдерге мониторинг жүргізілуде.
Қазіргі уақытта сала терминдерін қалыптастыру, сапасын артыру, біріздендіру өзекті болып отыр. 2024 жылдан бастап Республикалық терминология комиссиясы екі бағытта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика) жұмыс жүргізуде. Сала бойынша секцияларға ЖОО және ғылыми институттардағы сала мамандары тартылуда.
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.
Тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай республика бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін – 84%-ке, үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесін – 32%-ке, қазақ тілінің латын графикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесін - 15%-ке, жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткендер санын – 48 000 адамға, реттелген терминологиялық қордың үлесін – 40%-ке, «ҚАЗТЕСТ» бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін – 50%-ке, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесін – 86%-ке, мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымның үлесін – 94%-ке, «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесін (өсу қорытындысымен) – 84%-ке жеткізу көзделген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу ескерту жасауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. Мемлекеттік ұйымдардың бланкілері, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады.
Хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.
Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерi ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы шеңберінде реттеледі.
Тіл саясаты саласындағы бағдарламалық құжат ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда.
Бүгінгі тіл саясатының негізгі басымдықтары мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның этносаралық қатынастар тілі ретіндегі рөлін нығайту, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.