Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштеріне берген жауаптары, сондай-ақ өзге де құжаттар мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде ұсынылады.
Бұл талап медициналық ұйымдарға да қолданылады. Азамат нақты медициналық мекемеге ауызша немесе жазбаша түрде жүгінген жағдайда, медициналық ұйым қызметкерлері жауапты мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу шарттарының бірі – мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуден өту. Тестілеу өткізудің талаптары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларында» көрсетілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037844
Мысалы, шетел азаматы Арон Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тестілеуге қатысқысы келеді. Ол үшін ол https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600037844 сілтеме арқылы өтіп, оның талаптарымен танысады. Одан кейін ол testcenter.kz сайты арқылы тестілеуге тіркеліп, тіркелгеннен кейін мемлекеттік тіл, ҚР Конституциясының негіздері мен Қазақстан тарихынан тест тапсырады.
Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 116 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kz.
Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі тегін оқытылады. Орталықтардан бөлек қазақ тілін жаппай ашық онлайн курсы арқылыүйренуге де болады. Мысалы, азамат Ольга қазақ тілін Астана қаласында офлайн форматта тегін үйренгісі келді. Ол үшін оған Астана қаласының тіл оқыту орталығы «Руханият» КММ сілтеме арқылы ресми парақшасына өтіп https://share.google/tfNcazdEFhSgVjM6L сайтта берілген байланыс нөміріне хабарласып, тегін қазақ тілін оқыту курсына тіркеле аласыз.
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады.
Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда. Ол алдымен testcenter.kz сайтына тіркелуі қажет. Одан соң сайттағы «Қазтест» бөліміне өтеді, сол кезде «Тестіленушілерге» батырмасын таңдап, тестілеуден өтуге өтініш береді. Содан кейін Гаухардың жеке кабинетіне тестілеу өтетін уақыты, орны және аудиториясы жазылған хабарландыру келеді.
Қазақ тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді дұрыс айту және жалпы тілдік мәдениетті арттыру мақсатында «Emle.kz» https://emle.kz/kz электрондық базасы құрылды. Аталған база «Онлайн диктант», «Ережелер», «Аббревиатура», «Мақалалар», «Кітапхана», «Форум» атты бөлімдерді қамтиды. Бұл базада кез келген сөздің дұрыс жазылуын тексеруге болады.
Мысалы, М. есімді азамат «удивляться» сөзі қазақ тілінде қалай дұрыс жазылатынын білгісі келді делік: «таң қалу» ма, әлде «таңғалу» ма? Сол себепті ол сілтеме арқылы сайтқа өтіп, іздеу жүйесіне «таң қалу» сөзін жазады. Егер бұл сөз табылмаса, демек ол қате жазылған сөз. Дұрыс нұсқасы – «таңғалу».
«Termincom.kz» сайты https://termincom.kz/ – бұл ғылым мен білім, техника мен экономика, қоғамдық-әлеуметтік өмір салаларындағы терминдер мен сөздердің, сөз тіркестерінің бірыңғай терминологиялық базасы. Сайт пайдаланушылары өз жұмыстарында қолдану үшін бекітілген терминдермен және сөздермен таныса алады, сондай-ақ жаңа терминдерді талқылау мен талдауға қатыса алады. Сонымен қатар сайттың міндеті – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы ұсынған терминдер мен сөздерді талқылаудың ашықтығын қамтамасыз ету. Сайт жұмысын Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді.
Мысалы, азамат С. мемлекеттік тілде су шаруашылығы саласындағы кітап жазып жатыр. Кітап мазмұнында ол су шарушылығына қатысты түрлі терминдерді қолданады. Ол «жемірілу» сөзін қолдануға болатынын және оның термин ретінде бекітілгенін не бекітілмегенін тексергісі келеді. Сол үшін ол сілтеме арқылы сайтқа өтіп, іздеу жүйесіне «жемірілу» сөзін жазады да, бұл терминнің 2005 жылы бекітілгенін көреді.
Республикалық терминология комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) бекітуге ұсынылатын терминдерге қатысты ұсыныстар беру үшін Termincom.kz сайтына https://termincom.kz тіркелу қажет. Тіркелген соң, сайттың «Алаң» бөліміне өтіп https://termincom.kz/alan, Комиссия мүшелері үшін алдын ала дауыс беруге шығарылған терминдерге қатысты пікір білдіріп, ұсыныс жасауға болады. Ұсыныстар Комиссия отырысында қаралады.
Мысалы, Комиссияға медицина саласына қатысты терминдер қарауға ұсынылды. Соның ішінде орыс тіліндегі «печеночная сумка» терминінің қазақ тіліндегі баламасы «бауырқап» деп берілген. Алайда бұл термин бойынша Сіз басқа балама ұсынғыңыз келеді. Ол үшін сізге төмендегі қадамдарды орындау қажет:
- Termincom.kz сайтына тіркелу.
- «Алаң» бөліміне өту.
- «Талқылау тақырыбы» жолына қысқаша тезис жазу. Мысалы: «Бауырқап» медицина саласының терминіне балама ұсынамын.
- Төменде орналасқан «Ұсыныс» батырмасын басу.
- Ашылған жолақтарға орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқаларды жазу. Егер термин бойынша бірнеше ұсынысыңыз болса, оң жақтағы «қосу» батырмасын басу арқылы оларды тізіп шығасыз.
- Барлық мәліметті толтырған соң, «Жариялау» батырмасын басу.
Содан кейін сіздің ұсыныстарыңыз көпшілікке көрінетін болады. Сонымен қатар сіз берген ұсыныстарыңыз бойынша сайтта көрсетілген сарапшы мамандардан жауап ала аласыз.
ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады.
Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi http://10.61.42.188/kaz/docs/Z970000151_#z8.
Мысалы, «Е-Өтініш» жүйесі арқылы М. деген азаматтан қазақ тілінде өтініш келіп түсті. Мемлекеттік орган жауапты мемлекеттік тілде ұсынуы керек.
Қазақ тілінде жарияланған ғылыми және энциклопедиялық мақалалар, жарияланымдар және мәліметтердің саны туралы ақпаратпен ашық онлайн энциклопедиядан (Уикипедия) https://kk.wikipeddia.org танысуға болады. Қазіргі таңда 1000 салалық тақырып тізімі қалыптастырылды және оларды Уикипедия базасында орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, Сіз Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал бойынша ғылыми зерттеу жазып жатырсыз. Өз жұмысыңызға қажетті ақпаратты Уикипедиядан алуыңызға болады.
Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты құрайды. Курстың ұзақтығы – үш ай. Курс соңында тіл үйренушілер тест тапсырып нәтижесінде сертификат алады.
Мысалы: Сіз курсқа жазылғыңыз келді. Ол үшін инстаграмда курс туралы хабарландыруды қарайсыз, себебі аталған оқыту курсын жеңіп алған өнім беруші таргет арқылы жариялайды. Осы таргет қосымшада сіз өтінім қалдыра аласыз.
Түсетін өтінімдерді әдіскер өңдейді, содан кейін тыңдаушылар тиісті топтарға қосылады. Топта тестілеу жүргізіліп, деңгей анықталады. Әрі қарай оқыту сол деңгейге сәйкес ұйымдастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.