Жиі қойылатын сұрақтар
Құрылыс жұмыстарын бастау және жүргізу үшін қажет негізгі рұқсат құжаттарының тізімі:
1. Жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттар (қаулы/шешім, жер актісі, меншік құқығы туралы куәлік немесе жалдау шарты);
2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ);
3. Эскиздік жоба;
4. Инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар;
5. Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) және сараптама қорытындысы;
6. Құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) басталғаны туралы талон-хабарлама.
Жер учаскесіне құқық eGov.kz порталы арқылы рәсімделеді. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажет. Жерге құқықты растайтын құжаттар негізінде беріледі. Қызмет онлайн режимде www.elicense.kz және www.gov.ggk.kz сайттары арқылы қала/аудан әкімдігімен көрсетіледі. Қарапайым объектілер үшін көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін – 17 жұмыс күні, негізделген бас тарту – 5 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін. Құжаттар толық болмаған немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда, себептері көрсетілген негізделген бас тарту беріледі. Ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш беруге болады.
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" қызметі Мемлекеттік қызмет болып табылады. Ол қызмет көрсетуге бөлінеді: стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайында. Мемлекеттік қызметті қызмет алушы әлеуметтік қызметтер порталында Aleumet.gov.kz ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен дербес ала алады немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүгіне алады.
Мүгедектігі бар адамға жеке көмекшінің қызметтерін алу жеке абилитация және оңалту бағдарламасының (бұдан әрі-АОЖБ) негізінде жүргізіледі. Мүгедектігі бар адам АОЖБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін мүгедектігі бар адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде жеке көмекшінің қызмет көрсетушісін таңдайды (егер мүгедекте компьютер және басқа құралдар болмаса, онда ол осы мәселені шешуге көмектесетін консультанттары бар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіне алады) Әлеуметтік қызметтер порталында жеке көмекшінің қызмет көрсетушісін таңдағаннан кейін мүгедек жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға шарт жасасады.
ЭЦҚ - бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау - сіздің жауапкершілігіңіз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
1.ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз.
Электрондық пошта бұзылып, сіздің ЭЦҚ ұрлануы мүмкін.
2.ЭЦҚ-ны бөгде немесе бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз.
Мұндай құрылғыларда зиянды бағдарламалар болуы ықтимал.
3.ЭЦҚ-ны жеке компьютерде сақтамаңыз.
Қолтаңбаны сыртқы тасымалдағышта (мысалы, USB-флешкада) сақтау қауіпсізірек.
4.Күрделі құпиясөз орнатыңыз және оны ешкімге бермеңіз.
Құпиясөзіңізді үшінші тұлғаларға жариялау ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалануға жол ашады.
ЭЦҚ-ны қорғау - жеке деректеріңіздің және электрондық қызметтердегі қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Ұлттық жоба шеңберінде ШОБ субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу көзделген, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.
Инфрақұрылым түрлері: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.
Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасының құнынан және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасының құнынан 50% - дан аспауға тиіс.
Қолдау алу үшін құжаттарды (нысан бойынша өтінім, бизнес-жоспар, ТЭН және жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама, сараптамалық қорытынды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары) ұсыну қажет.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімдеріне интервенция жасап, сауда сөрелеріне, нарық бағасынан 10-15% төмен, сатылымға шығарылады.
«Е-өтініш» АЖ арқылы өтініш жіберу үшін:
- порталда авторизациялау және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызметті алу үшін сіз тіркелуіңіз немесе e.otinish.kz сайтында бір реттік тіркеуден өтуіңіз керек).
- мемлекеттік органдарға өтініш беру.
- ұсынылған нысанды толтырыңыз (қаласаңыз, растайтын құжаттарды қоса беріңіз).
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ өтінішіне қол қойып, мемлекеттік органға жіберу.
жеке кабинетте орындалу мәртебесін бақылауға болады.
Әр мектепте әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға арналған жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры (жалпыға бірдей оқыту) қарастырылған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар "Білім туралы" ҚР Заңының 6-бабына сәйкес бюджет есебінен жалпы білім беретін мектептердің мынадай білім алушыларына: атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан; жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан; балаларға көмек көрсетуге қаражат жібереді- жетім балаларға; отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттарына.
ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі.
Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.
6-8 жастан - Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау;
7-9 жастан - үстел теннисі, жүзу, суға секіру, теннис, ушу, шахмат, дойбы;
8-10 жастан - баскетбол, футбол;
9-11 жастан - су добы, волейбол, қол добы, коньки спорты, жеңіл атлетика, шайбалы хоккей, ұлттық ат спорты түрлері, саят;
С 10-12 жастан - бокс, велоспорт, еркін күрес, кір тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим күресі, самбо, қазіргі көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, ат спорты.