Жиі қойылатын сұрақтар
Қызылорда облысы бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда, Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Бұл белгі кәсіпкерге Еуропа елдеріне балық өнімдерін экспорттауға рұқсат береді. 10 балық өңдеу зауттарының 8-і Арал ауданында ал қалған екеуі 2-і Қазалы ауданында орналасқан. Жалпы бұл зауыттарда 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Балық өңдеу зауыттарының жалпы қуаттылығы жылына 23,8 мың тоннаны құрайды.
Салқындатылған және мұздатылған балық, сондай-ақ көксерке филесі ішкі нарықта экспорттық өнімдер мен сатылымның айтарлықтай үлесін алады. Өңдеуге арналған негізгі шикізат: көксерке, табан, шортан, торта, тұқы. Дайын өнімнің ассортименті: филе, кептірілген, ысталған, салқындатылған және мұздатылған балық, қанаттар, фарш, балық ұны.
Сонымен қатар, 2024 жылы облыс бойынша 4010 тонна балық өнімдері 13 шет мемлекетке экспортталды.
1. Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар
2. Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар
3. Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу үшін субсидиялар
4. Сатып алынған дәрілік препараттар үшiн субсидиялар
5. Сатып алынған балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстау үшiн субсидиялар
1. Атап айтқанда, өсірілетін балық түрлеріне байланысты орналасқан орны мен климаты қолайлы болуы керек (жылу сүйгіш: сом, тұқы, күміс тұқы. суық сүйгіш: ақмарқа, ақбалық).
2. Су сапасының балық шаруашылығы талаптарына сәйксестігі және жыл бойы тұрақты сумен қамтамасыз ету.
3. Тоған шаруашылығын салу үшін оның алдағы уақытта кеңею мүмкіндігін ескере отырып, жер учаскесінің көлемі жеткілікті болуы керек.
4. Топография мен топырақ-тоғандар, ғимараттар мен кірме жолдар салуға жарамды болуы керек.
5. Тоғанның орналасуы су тасқыны мен ластану қаупі жоғары жерлерде, сондай-ақ табиғи су ағыны жолдарында болмауы керек.
6. Су қоймасының коммуникацияларға қолжетімділігі (жол, электр энергиясы, газ, байланыс).