Жиі қойылатын сұрақтар
Қызылорда облысы аумағында 37 гидротехникалық құрылыстар бар, оның ішінде: су қоймалары – 6 («Қазсушар» РМК – 2, «Арна» КММ – 3, Сексеуіл кент әкімшілігі – 1), бөгет – 1 (Солтүстік арал теңізі, «Қазсушар» РМК) қорғаныс бөгеті – 1 («Қазсушар» РМК – 625,3 шақырым), су торабтары – 4 («Қазсушар» РМК), магистралды каналдар – 22 («Қазсушар» РМК), су тастау құрылысы – 2 («Қазсушар» РМК) және тоған – 1 («Шалхия Цинк ЛТД» ЖШС). Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстан құрылған комиссия тарапынан жыл сайын облыс аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылдың сәуір және қазан айларында зертеу жұмыстары 2 рет жүргізілді. Нәтижесінде, апаттық жағдайдағы облыстық коммуналдық меншік теңгеріміндегі 2 су қоймасына (Көлтоған, Манап) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен күрделі жөндеуден жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 2025 жылдың қаңтар айында оң қорытындысы алынды. Жалпы су қоймалары тұрақты бақылауда.
2021 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен жыртқыш аңдардың (қасқыр, шибөрі) санын реттеу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу бойынша инвесторларды тарту арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы кәдеге жарату төлемдерінің қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігі арқылы өңірде жалпы сомасы 42,5 млрд. теңге болатын 9 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде, Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу саласында 41,2 млрд.теңге сомасына 3 ірі жоба іске асырылуда. Оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарта отырып («WITH YOU ENC CO., LTD», Корея Республикасы) бір жоба - Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу. Бүгінгі таңда жер қыртысы мен аумақты қоршау жұмыстары басталды. Пайдалануға беру 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Жоба іске қосылғаннан кейін 160 жұмыс орнын құру жоспарлануда, Жобаның II кезеңінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу жолымен электр энергиясын (20 МВт) өндіретін зауыт салу жоспарланған. Жобаның құны - 25 млрд. теңге. Облыс әкімдігі мен компания басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
1) Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиорация жұмыстарын жүргізу үшін қарабарақ, қара сексеуіл бұталарынан басқа сарсазан, жүзгін шөптесін өсімдіктері мен бұталы ағаштардың өсіру әдісі мен тұқым жинау, себу, тұқымның себу мөлшерін енгізу; 2) Арал теңізінің құрғаған ұлтанында егілген сексеуіл ағаштарының ауруға шалдығып қурау фактілері орын алуда, осыған байланысты сексеуілдің ауруға шалдығу себептерін алдын алу шаралар түрін анықтауды; 3) Қызылорда қаласы аумағын көгалдандыру үшін отырғызылған тал, терек ағаштары 5-6 жылда қурап қалу фактілері жиі орын алуда, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меншігіне 222 су шаруашылығы нысандары алынған, оның ішінде 3 су қоймасы (Көлтоған, Қыраш, Манап), 1 су тоспасы, 2 гидротехникалық құрылыс, 190 канал (ұзындығы 1246,53 шақырым), 12 дана су қашыртқылары (103,49 шақырым) және 14 дана қорғаныс бөгеттері (7,78 шақырым) бар.
2026 жылдың ақпан айында облыс аумағында күннің қатты суық болуы салдарынан қар астында қалған киік өлекселерін жинақтау мақсатында жедел топ құрылып, 757 киік дарағы жинақталды. Сонымен қатар, Арал аудан аймағында санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында киік өлекселері анықталған аумақтарды хабардар ету сұралады.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі бойынша Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек және қорғалатын флора мен фауна түрлерінің, жобаланатын елді мекендер мен іргелес аумақтарда мекендейтін түрлерінің, жабайы жануарлардың көшу бағыттары, олардың шоғырлануы орындары және қорғалатын биотоптар орналаспаған.
- «Кристалл-Тұз» ЖШС;
- Құмкөл Транс Сервис ЖШС;
- Kazpetrol GROUP ЖШС;
- "ҚОР" ҰК "АҚ;
- Максима Логистикс Қазақстан ЖШС;
- Алтын Орда ЖШС;
- «Көлжан» ЖШС;
- Тұзкөлмұнайгаз Оперейтинг ЖШС;
- Сырдария аудандық ветеринариялық станциясы ШЖҚ КМК;
- Мағжан и К ЖШС;
- «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
- «Углесбыт» ЖШС;
- "Великая стена "бұрғылау компаниясы" ЖШС;
- «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» КММ;
- Биболатов А.Ш.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар, сондай-ақ бастамашының әрбір ескертулер мен ұсыныстар бойынша жауаптары қоғамдық тыңдаулар хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын жиынтық кестеге енгізілетін болады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы №286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 23-тармағына сәйкес, тыңдауларды өтті деп тану туралы қоғамдық тыңдау төрағасының құзырында өткізіледі.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Заңының (2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Заңы) 40-бабы 1-тармағына сәйкес, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік ережесін ескеріле отырып, бекітіп беріледі. Заңның 9-1 бабының 34) тармақшасына сәйкес, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган халықаралық, республикалық және "жергілікті" маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді.