Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚР Орман кодексінің 54- бабына және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 31.03.2020 жылғы №85 бұйрығының 2- тарау 4- тармағына сәйкес өтініш беруші мемлекеттік орман қорынан орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттардың көшірмесін жолдауы қажет:1) орман мекемесінің жазбаша келісімі;
2) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;
3) сұралып отырған жер учаскесінің шекаралары көрсетілген орман орналастыру жобасынан масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмесі;
4) қарауына орман мекемесі жататын мемлекеттік органның жазбаша келісімі;
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;
6) II, III және IV санаттардағы объектіге арналған құрылыс жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына сәйкес экологиялық сараптама;
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меншігіне 222 су шаруашылығы нысандары алынған, оның ішінде 3 су қоймасы (Көлтоған, Қыраш, Манап), 1 су тоспасы, 2 гидротехникалық құрылыс, 190 канал (ұзындығы 1246,53 шақырым), 12 дана су қашыртқылары (103,49 шақырым) және 14 дана қорғаныс бөгеттері (7,78 шақырым) бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 242 және Мүлік туралы Заңның 23 баптарына сәйкес.
Иесі жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады.
Жергілікті атқарушы орган иесі жоқ жылжымайтын Зат есепке алынған күннен бастап бір жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінеді. Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сараптау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 29-бабындағы Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар бойынша осы баптың 5 тармағына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекске 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін негізге ала отырып әзірлейтіні қарастырылған.
Демек, жобаның мақсаты осы тізбедегі шараларға сәйкес, яғни қоршаған ортаны қорғауға қатысты болуы қажет.
Алайда, Сізбен ұсынылған жоба қоршаған орта сапасының адам денсаулығына әсерін бағалауды көздейтіндігін назарыңызға саламыз.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI бұйрығымен бекітілген Экологиялық кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы (оператор) келесідей заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізе алады. Кодекстің 12 – бабына сәйкес және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес объектінің санатын анықтауы қажет болып табылады.
Сонымен бірге, Кодекстің 96 – бабының 1 – тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті.
Бұған қосымша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген, «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидасының 11 бөлім, 48 – тармағы 6) сәйкес автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен (сұйық және газды мотор отынымен) құюға арналған объектілер (автомобиль жанармай құю станциялары және май құю бойынша басқа қондырғылар) санитарлық қорғаныш аймағы 100 метр деп көрсетілген.
Яғни, объектінің ластаушы көздерінен ең жақын орналасқан тұрғын аймаққа дейінгі арақашықтық 100 метр аралықты сақтауы қажет.
Жоғарыдағыны баяндай келе, автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін салу кезеңінде экологиялық заңнама талаптары сақталған жағдайда қызмет жүзеге асырылады.