Жиі қойылатын сұрақтар
Донациялауға жіберуді шектейтін немесе оған кедергі келтіретін қосымша мәліметтерді анықтауға арналған сұрақтар тізбесі:
1. Соңғы 48 сағат ішінде алкогольдік ішімдік іштіңіз бе?
2. Соңғы 10 күннің ішінде тісіңізді жұлдырдыңыз ба?
3. Соңғы айда дәрі-дәрімек іштіңіз бе?
4. Соңғы айда В гепатиті, тұмау, ковид, сіреспе, дифтерия, бруцеллезге және тағы басқа ауруларға қарсы егулер болды ма?
5. Соңғы 4 айда АИТВ инфекциясының профилактикасы үшін дәрі-дәрмектер қабылданды ма?
6. Соңғы 4 айда инемен тесу, татуировка, пирсинг жасату инъекцияларды салу болды ма?
7. Соңғы 6 айда А, В, С гепатиттері, АИТВ жұқтырған адамдармен тұрмыстық қатынас болды ма?
8. Сіз соңғы 6 айда медициналық көмекке жүгіндіңіз бе?
9. Соңғы 12 айда донорлық қан құйылды ма?
10. Соңғы 12 айда хирургиялық араласулар, косметикалық ем-шаралар болды ма?
11. Соңғы 12 айда гетеро немесе гомосексуалдық серіктестермен жыныстық қатынас болды ма?
12. Соңғы 12 айда гомосексуалдық серіктеспен тұрақты емес қатынас болды ма?
13. Соңғы 12 айда тұрақты гомосексуалды серіктеспен тұрақты қатынас болды ма?
14. Соңғы 12 айда бас бостандығынан айыру орындарында болдыңыз ба?
15. Соңғы 12 айда жыныстық қызмет көрсеттіңіз бе?
16. Соңғы уақытта теріге немесе шырышты қабатыңызға басқа адам қанының тамып кеткен жағдайлары, оның ішінде тесетін немесе кесетін құралмен жарақаттану орын алды ма?
17. Соңғы 12 айда инъекциялық есірткі заттарын қабылдадыңыз ба?
18. Соңғы 12 айда, оның ішінде қысқа мерзімде мынадай белгілер болды ма: жыныс мүшелерінен бөлінді, жыныс мүшелері аумағында өсінділер және(немесе) жаралар, жыныс мүшелері аумағында күйдіру сезімі, несеп шығару кезіндегі ауырсыну, шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
19. Соңғы 12 айда тропикалық және субтропикалық климат елдерінде 4 айдан астам уақыт болдыңыз ба?
20. Соңғы 12 айда қан қысымының жиі өзгерісі орын алды ма?
21. Соңғы 12 айда температураның түсініксіз көтерілуі, салмақ жоғалту, әлсіздік(тер), түнгі терлеу, бас ауруы болды ма?
22. Қазіргі уақытта мүгедектік тобы немесе ауру бойынша диспансерлік есепте тұрсыз ба?
23. Өміріңізде немесе қазіргі таңда мынадай инфекциялық аурулардың біреуі болды ма: АИТВ, мерез немесе жыныстық жолмен берілетін басқа да аурулар, В немесе С гепатиттері, бруцеллез, туберкулез (барлық түрлері), бөртпе сүзегі, туляремия, алапес (лепра)?
24. Өміріңізде немесе қазіргі таңда мынадай инфекциялық аурулардың біреуі болды ма: жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, нерв, жыныстық жүйесі, күрделі аллергия, бронх демікпесі, туа біткен кемістіктер, (эпилептикалық) құрысу?
25. Өміріңізде немесе қазіргі таңда паразиттік ауруларға шалдықтыңыз ба?
26. Өміріңізде немесе қазіргі таңда созылмалы тері аурулары болды ма?
27. Басқа адамның дің жасушалары енгізілді ме, көздің мөлдір қабағы, қатты ми қабығын ауыстырылды ма?
28. Өміріңізде аяқ-қолды және (немесе) мүшені алып тастау операциялары болды ма?
29. Өміріңізде немесе қазіргі таңда ВВГ, СГВ, мерез, АИТВ маркерлерінің бар-жоғына оң зерттеу нәтижелері болды ма?
Әйелдер үшін қосымша:
30. Соңғы 12 айда жүктілік, босану, бала емізу, медициналық түсіктер болды ма?
31. Қазіргі таңда бала емізесіз бе?
32. Қазіргі таңда гармоналды контрацепцияны пайдаланасыз ба?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына («Скринингтік зерттеулерге жататын мақсатты топтарды, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы») сәйкес, қан айналымы жүйесі ауруларын анықтауға арналған скринингтік тексерулер 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында жүргізіледі.
Скринингтің мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз) даму қаупін ерте кезеңде анықтау.
Скринингтің көлеміне мыналар кіреді:
Артериялық қан қысымын өлшеу.
Қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау.
Дене салмағы индексін (ДСИ) бағалау.
Меншігінде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы немесе жалға алу арқылы, аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы және меншігінде бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы тиіс немесе жалға алу. Қызмет 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (39 320 тг. 2025 жылға). Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 5 жұмыс күнінде қаралады. «Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасының № 136 бұйрығына сәйкес реттеледі.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша барлық маңдайшалар, хабарландырулар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері және өзге де көрнекі ақпараттар міндетті түрде мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыстілінде және басқа тілдерде жазылуы тиіс. Мемлекеттік тілдегі мәтін толық, сауатты және бірінші кезекте орналастырылуы қажет. Көрнекі ақпарат талаптарын бұзған кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабы бойынша:
Алғашқы рет талапты бұзған жағдайда — ескерту беріледі.
Бір жыл ішінде қайталап бұзылса:
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5 АЕК,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Азаматтардың бейбіт жиналыстары жергілікті атқарушы органға берілетін хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш негізінде өткізіледі. Қарау тәртібі Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген бейбіт жиналыс нысанына байланысты анықталады.
Митинг, пикет және жиналыс өткізу үшін — хабарлама беріледі.
Шеру мен демонстрация өткізу үшін — келісуді алу туралы өтініш беріледі.
Хабарлама немесе өтініш е-Otinish жүйесі арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен электронды түрде немесе жергілікті атқарушы органның азаматтарды қабылдау орталығына барып, жеке түрде беріледі. Азамат дайын арызды тапсыра алады немесе оны сол жерде ресімдей алады. Арыз түскен күні тіркеледі.
Хабарламаны қарау мерзімі – 3 жұмыс күніне дейін, өтінішті қарау мерзімі –7 жұмыс күніне дейін.
Хабарламада немесе өтініште келесі мәліметтер көрсетіледі: іс-шараның мақсаты мен нысаны, өткізу күні мен уақыты (басталуы және аяқталуы), өткізу орны немесе жүру маршруты, қатысушылардың болжамды саны, ұйымдастырушы туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, мекенжайы, байланыс деректері), дыбыс күшейткіш құралдарды, көлік немесе өзге де заттарды пайдалану туралы ақпарат, қаржыландыру көздері, арыз берушінің қолы және арыз беру күні.
Хабарлама бейбіт жиналыс өткізілетін күнге дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын, келісуді алу туралы өтініш — кемінде 10 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.
Тіркеуден кейін жергілікті атқарушы орган ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын, өткізілетін орынның, жүру маршрутының және уақыттың заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Қарау нәтижесінде жергілікті атқарушы орган келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- бейбіт жиналыс өткізуге келісім беру;- өткізу орнын және (немесе) жүру маршрутын не уақытты өзгерту туралы ұсыныс енгізу. Ұйымдастырушы 1 жұмыс күні ішінде өз келісімін немесе келіспеуін хабарлауға міндетті;
- заңда көзделген негіздер болған жағдайда бас тарту.
Қабылданған шешім арыз берушіге: қолма-қол, тапсырысты хатпен, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық түрде, арызда көрсетілген электрондық пошта немесе ұялы байланыс нөмірі арқылы жіберіледі.
Жергілікті атқарушы органның бейбіт жиналыстарды өткізуге келісім беруден бас тартуы мүмкін жағдайлардың толық тізбесі Заңда белгіленген:
- егер олардың мақсаттары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса;
- егер бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Заңға сәйкес ұйымдастыру құқығынан айырылған тұлға болса;
- егер мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, денсаулық сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қатер төнсе;
- егер бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарлама немесе келісім алу туралы өтінішті ұсыну мерзімдері сақталмаса;
- егер ұсынылған ақпарат толық болмаса; ұсынылған құжаттарда жалған мәліметтер анықталса; не бейбіт жиналыстарды өткізуге қажетті құжаттар мен деректер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
- егер бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған қаржыландыру келесі тұлғалар тарапынан жүзеге асырылса:
жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар;
қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлға;
шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жүзеге асырса.
- егер бейбіт жиналыстарды өткізу өмірлік маңызы бар объектілердің, көлік немесе әлеуметтік инфрақұрылымның, байланыс жүйелерінің жұмыс істеуіне кедергі келтірсе, көлік пен инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмысын, көгалдар мен шағын сәулеттік нысандардың, басқа да мүліктің сақталуын бұзса, сондай-ақ азаматтардың еркін қозғалысына кедергі келтірсе;
- егер қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып түссе;
- егер осындай іс-шараларды өткізудің болжамды уақытында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда басқа ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шаралардың өткізілуі жоспарланса, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылып жатса.
Бас тарту туралы шешім «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (ӘРПК)-нің 91-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен шағымдануға жатады.
Бизнес бастау үшін мемлекеттік грантқа қатысу үшін азаматтар алдымен кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтуі қажет. Оқуды аяқтағаннан кейін үміткер өз бизнес-жоспарын дайындап, тиісті органға өтініш береді. Өтініш пен бизнес-жоспар арнайы комиссияда қаралады. Егер жоба тиімді деп танылса, үміткерге бизнесті бастау үшін мемлекеттік грант беріледі.
Грант қаражаты кәсіп бастауға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға және бизнес жобаны іске асыруға жұмсалады
Қосымша жер учаскесі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес беріледі. Азамат қосымша жер алу үшін жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) өтініш береді. Өтініш қаралғаннан кейін жер комиссиясы оны қарап, шешім қабылдайды. Егер жер учаскесі бос болған жағдайда және заң талаптарына сәйкес келсе, әкімдік қаулы шығарып, азаматқа қосымша жер учаскесі беріледі. Жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана заңды күшіне енеді.
Қосымша жер беру кезінде жердің мақсаты, көлемі және орналасқан жері ескеріледі. Егер сұралған жер басқа адамның пайдалануында болса немесе мемлекеттік қажеттілікке қажет болса, онда жер учаскесі берілмеуі мүмкін
Қазақстанда е-лицензияға өтінім беру www.elicense.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, онлайн режимінде жүзеге асырылады. Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
«Халық көші-қоны туралы» Заң қандастардың (оралмандардың) мәртебесін реттеп, тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға азаматтық алуға, әлеуметтік көмекке, тұрғын үйге, жұмысқа орналасуға және бейімделу қызметтеріне құқық береді. Мәртебені жергілікті атқарушы органдар береді, ал кіру квотасын Үкімет белгілейді.
Бұрын бұл мәселе заңнамада қаралмаған еді. 2020 жылдың 13 маусымында қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 7 тармағында «Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.» делінген.