Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап: Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешімді алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығының 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы);
4) екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпочта" АҚ-да қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашылғаны туралы хабарлама;
5) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының кірістерін (зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік және басқа да төлемдер) растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу үшін рұқсат алуға болады.
Жауап: Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қала/аудан мәслихат шешімдеріне түгендеу жұмыстарының нәтижесімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Республика бойынша көрсетілетін 66 көмектің 38 алып тастау ұсынылған болатын. Қазалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 91 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2026 жылдың 28 сәуірдегі шешімімен тоқтатылып, 2026 жылға дейін әлеуметтік көмек тағайындалған студенттерге жоғары оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алу кезеңі аяқталғанға дейін, бірақ тиісті білім беру бағдарламасының нормативтік оқу мерзімінен аспайтын мерзім ішінде оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде және тамақтануға мен тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір реттік төлем төленеді.
Жауап: Қоғамдық жұмыс, Әлеуметтік жұмыс, Жастар практикасы, Күміс жас жобасы.
Жауап: Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеушілерге конкурстық негізде 400 АЕК (еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріне дейін беріледі. Грант беру комиссия мүшелерінің қолдауымен, комиссия отырысында шешіледі.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Жауап: Субсидияны туристер көп баратын аумақтарда немесе автомобиль жолдарының бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарға иелік ететін немесе оларды басқаратын кәсіпкерлік субъектілері (жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар) ала алады.
Субсидия алу үшін кәсіпкер санитариялық-гигиеналық торап орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органына (ЖАО) өтінім береді. Өтінім жыл сайын күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанға дейін қағаз немесе электрондық түрде тапсырылады.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарының көшірмесі немесе жеке тұлға үшін жеке куәлік және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат;
- санитариялық-гигиеналық торапқа меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжат;
- санитариялық-гигиеналық тораптың және оның орналасқан жерінің фото және бейнематериалдары.
Осы құжаттар ұсынылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган өтінімді қарап, белгіленген тәртіпке сәйкес субсидия беру мәселесін шешеді.
Заңдылық негізі:
Бұл тәртіп «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабының 20-18) тармақшасына сәйкес қабылданған және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №382 бұйрығымен бекітілген.
Жауап: Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес сұратылған жер телімі бос болған жағдайда жергілікті қоғамдастық мүшелерінен хаттамалық шешіммен оң қорытынды қабылданса, тиісті құжаттары рәсімделіп, интернет ресурстағы арнайы сайттарға жарияланады. Яғни сайтқа жарияланғаннан кейін конкурс арқылы бәсекелестік жолмен табысталады.
Жауап: Аудан көлемінде тұрғын үй кезегіне orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы соңғы 5 жыл көлемінде өзінің және жолдасының атында жылжымайтын мүлік тіркелмеген жағдайда және де 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы тіркеле алады.
2025 жылдың 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзерістер мен толықтырулар күшіне еніп, оларға сәйкес тұрғын үйге есеп қою, кезектілікті жүргізу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Отбасы банк» АҚ) көшті.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының» 2- тарау, 1-параграф 10 тармағында «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайды бөлуді Отбасы банкі осы қағидалардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырады» деп көрсетілген.
Жауап:
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
- Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш;
- Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
- Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Жауап: «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС (ӨИО / РИЦ), «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында несие қаражатын береді.
«ІСКЕР» бағдарламасының несие шарттары:
Несие сомасы – 2500 АЕК дейін (10 812 500 теңге);
Пайыздық мөлшерлемесі: жылдың 6%;
Несие беру мерзімі: 30.06.2029 жылға дейін;
Негізгі қарыздарды өтеуге жеңілдік кезеңі: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет;
Бағдарламаға қатысушылар: аудан орталығы және ауылдық елді-мекендерде орналасқан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз жеке кәсіпкерлер.
Несиенің бағыттары:
-өндіріс / қайта өңдеу;
-қызмет көрсету;
-сауда қызметі;
-ара шаруашылығы:
-құс шаруашылығы;
-жылыжай жобалары.
Несиенің мақсаты:
-негізгі құралдар сатып алу;
-коммерциялық нысандардың құрылысы және оларды қайта жаңғырту, коммерциялық нысан сатып алу;
-айналым қаражатын толықтыру;
-арнайы техника мен ауыл шаруашылық техникасын сатып алу;
-шағын автобустар мен автобустар сатып алу.
Кепілмен қамтамасыз ету:
-өндірістік, сауда, қойма және әкмішілік ғимараттар (құрылыстар, үй-жайлар), қоғамдық тамақтану орындарының, салондардың, қонақ үйлердің, кемпингтердің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожанармай құю станцияларының ғимараттары мен үй-жайлары, тұрғын үй қорының жылжымайтын мүлік объектілері (үйлер, пәтерлер, коттедждер және т.б.);
-өндірістік мүліктік кешендер, өнеркәсіптік және қойма базарларлы, элеваторлар, мұнай қоймалары (тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді және өтімді дайын өнімді өндіру үшін пайдаланатын заңды тұлғаның барлық негізгі құралдарының кепілі көзделеді);
-ақша, банктік шоттарды (депозит);
-жер учаскелері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өндірістік мақсаттағы тұрғын үй мақсатындағы - қосымша қамтамасыз ету ретінде ғана қабылданады;
-жеңіл автокөлік (шығарылған күнінен бастап 5 жастан аспаған) – тек қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылданды;
-көлік құралдары (жүк, жолаушылар, арнайы), трактор, ауыл шараушылығы, құрылыс – жол техникасы (шығарылған күнінен бастап 7 жылдан аспайтын) – қосымша қамтамасыз ету ретінде ғана қабылданады.
Ерекше шарттар:
-салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
-қаржы институттарының алдындағы мерзімі өткен берешектің соңғы 12 айда 90 күннен артық болмауы және ағымдағы күнге мерзімі өткен берешектің болмауы;
-Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында қатысушының тіркелуінің болуы;
-бизнес жоспардың болуы;
-алынған микрокредитті тұтыну мақсаттарына пайдалануға, алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге жол берілмейді.
Жауап: «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-і 2026 жылы Қызылорда облысының өндіріс және өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырға өтінімдер қабылдайды.
Несиенің бағыттары:
- Жеңіл өнеркәсіп (киім-кешек, мата, аяқ киім, тері өңдеу және тері бұйымдарын жасау және т.б.);
- Тұрмыстық химия өнімдері (кір жуу ұнтақтары, кір сабын, антисептиктер, антибактериалды сұйықтықтар және т.б.);
- Темір және құрылыс материалдары өндірісі (қыштар, блоктар, бетон және темір-бетон бұйымдары, құбырлар, дәнекерлеу бұйымдары т.б.);
- Ағаш өнімдері және жиһаз өндірісі (ағаш өңдеу материалдары, жиһаздар, баспалдақтар, есіктер және т.б.);
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (ет, сүт, ұн, балық, көкөніс-бақша, құс өнімдері және т.б.);
- Басқа да өндіріс түрлері (пластмасс, қағаз, әйнек, резеңке өнімдері, мектеп жиһаздары, брусчаткалар және т.б.).
Бір жобаға 86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға болады. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 6 пайыз. Несие 60 ай немесе 5 жылға беріледі. Оның 12 ай немесе 1 жылын жеңілдік мерзімі ретінде таңдауға болады.
Несие мақсаты – негізгі құралдарды сатып алу, айналым құралдарын толықтыру (айналым құралдарын толықтыру мақсатына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде қаржыландыру сомасының 30 пайызынан аспауы тиіс).