Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап: Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік комиссияның қатысуынсыз, төрт жақты актіні рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады: құрылыс аяқталған соң тапсырыс беруші, мердігер, техникалық қадағалау және авторлық қадағалау өкілдері нысанның жобаға және құрылыс нормаларына сәйкестігін растап, пайдалануға қабылдау актісіне қол қояды, содан кейін бұл акт сәулет және қала құрылысы бөлімінде есепке алынып, Әділет органдарында (ХҚКО) тіркелуі тиіс.
Жауап: Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін жер теліміне құқық белгілейтін құжаттардың, сәулет-жоспарлау тапсырмасының (СЖТ), инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарының, мемлекеттік немесе ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына жұмыстардың басталғаны туралы тиісті хабарламаның жолдануы тиіс.
Жауап: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама – кез келген құралдар арқылы таратылатын, нақты бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, қызметтерге қызығушылық қалыптастырып, оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат.
Заңның 11-бабына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама ғимараттардың сыртқы беттерінде немесе арнайы жарнама объектілерінде орналастырылады.
2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін алдын ала хабарлама жіберу қажет. Яғни, жарнама орналастырушы жарнаманы орналастыру жоспарланған күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын жергілікті құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама беруі тиіс.
Жауап: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама – кез келген құралдар арқылы таратылатын, нақты бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, қызметтерге қызығушылық қалыптастырып, оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат.
Заңның 11-бабына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама ғимараттардың сыртқы беттерінде немесе арнайы жарнама объектілерінде орналастырылады.
2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін алдын ала хабарлама жіберу қажет. Яғни, жарнама орналастырушы жарнаманы орналастыру жоспарланған күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын жергілікті құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама беруі тиіс.
Жауап: Қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес мынадай кезеңдерде «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
3) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Жауап: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты» спорттық разрядтарын тағайындау «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе электронды веб-портал (egov.kz) арқылы қызмет алушы төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); 2) бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
3) спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарды субсидиялауды кім ала алады, оны қалай алуға болады, өтінім беру тәртібі және қандай құжаттар қажет?
Жауап: Субсидияны туристер көп баратын аумақтарда немесе автомобиль жолдарының бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарға иелік ететін немесе оларды басқаратын кәсіпкерлік субъектілері (жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар) ала алады.
Субсидия алу үшін кәсіпкер санитариялық-гигиеналық торап орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органына (ЖАО) өтінім береді. Өтінім жыл сайын күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанға дейін қағаз немесе электрондық түрде тапсырылады.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарының көшірмесі немесе жеке тұлға үшін жеке куәлік және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат;
- санитариялық-гигиеналық торапқа меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжат;
- санитариялық-гигиеналық тораптың және оның орналасқан жерінің фото және бейнематериалдары.
Осы құжаттар ұсынылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган өтінімді қарап, белгіленген тәртіпке сәйкес субсидия беру мәселесін шешеді.
Заңдылық негізі:
Бұл тәртіп «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 11-бабының 20-18) тармақшасына сәйкес қабылданған және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №382 бұйрығымен бекітілген.
Жауап: «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» санатын тағайындау «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе электронды веб-портал (egov.kz) арқылы қызмет алушы төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініші;
3) білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
4) жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
6) спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жауап: “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады.
Жауап: Көшеге атау беру тәртібі:
Көшеге атау беру мәселелері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдістемелік негізі:
Жұмыстарды жүргізу барысында 2024 жылғы 24 қаңтарда Республикалық ономастика комиссиясында бекітілген «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар» басшылыққа алынады.
Ұсыныспен бірге ұсынылатын құжаттар:
Тұлғаның өмірбаяны (компьютерде терілген);
Қайтыс болғанына кемінде 5 жыл толғанын растайтын қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Мемлекеттік наградаларының көшірмелері;
Жарияланған еңбектері, мақалалары, кітаптары және баспасөз материалдары.
Қарау тәртібі:
Құжаттар толық ұсынылған жағдайда:
- жергілікті әкімдік жанындағы қоғамдастық жиналысында қаралады;
- аудандық ономастикалық жұмысшы тобына жолданады;
- қолдау тапқан жағдайда Қызылорда облыстық ономастика комиссиясына ұсынылады.
Жауап: Кітапхана желісін құру және дамыту.
Халыққа сапалы кітапханалық қызмет көрсету мақсатында кітапханалар желісін қалыптастыру және жетілдіру.
Кітапхана қорын қалыптастыру және өңдеу.
Кітап қорын толықтыру, сақтау, жүйелеу және пайдаланушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету.
Пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызметтер ұйымдастыру.
Кітапхана мамандарын даярлау.
Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту.
Ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету.
Кітапхана қызметін жетілдіруге бағытталған ғылыми және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Заманауи дамуды қолдау.
Кітапхана жүйесіне жаңа технологияларды енгізу және ақпараттық қолжетімділікті кеңейту.