Жиі қойылатын сұрақтар
Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік комиссияның қатысуынсыз, төрт жақты актіні рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады: құрылыс аяқталған соң тапсырыс беруші, мердігер, техникалық қадағалау және авторлық қадағалау өкілдері нысанның жобаға және құрылыс нормаларына сәйкестігін растап, пайдалануға қабылдау актісіне қол қояды, содан кейін бұл акт сәулет және қала құрылысы бөлімінде есепке алынып, Әділет органдарында (ХҚКО) тіркелуі тиіс.
Егер құрылыс саласында мердігер ұйым шарт міндеттемелерін бұзса, онда келісімшарт талаптарына сәйкес айыппұл салу, шартты бұзу, келтірілген шығындарды өндіріп алу немесе сот арқылы жауапкершілікке тарту сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін жер теліміне құқық белгілейтін құжаттардың, сәулет-жоспарлау тапсырмасының (СЖТ), инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарының, мемлекеттік немесе ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың болуы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына жұмыстардың басталғаны туралы тиісті хабарламаның жолдануы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама – кез келген құралдар арқылы таратылатын, нақты бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, қызметтерге қызығушылық қалыптастырып, оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат.
Заңның 11-бабына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама ғимараттардың сыртқы беттерінде немесе арнайы жарнама объектілерінде орналастырылады.
2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін алдын ала хабарлама жіберу қажет. Яғни, жарнама орналастырушы жарнаманы орналастыру жоспарланған күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын жергілікті құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама беруі тиіс.
Қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес мынадай кезеңдерде «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
3) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Жұмыссыз ретінде есепке тұру үшін:
Тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіну
«Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы;
«Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz порталы) арқылы.
Жеке басын куәландыратын құжатты, білімі мен біліктілігі туралы құжаттарды, сондай-ақ соңғы жұмыс орны туралы анықтаманы (егер бар болса) ұсыну.
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті.
Тіркелу үшін «e-Otinish»ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады
Біріншіден, Сіз сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторларының смс-тарату арқылы келіп түскен call-center қысқа нөмірі арқылы біле аласыз. Екіншіден, сіз бұл ақпаратты учаскелік сайлау комиссиясынан тұрғылықты мекен-жайыңызды айту арқылы біле аласыз. Үшіншіден, Сіз Kaspi.kz және Halyk қосымшаларынан да біле аласыз.
«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады:
eGov/eGovmobile сайты;
Aitu мобильді қолданбасы;
- Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
Ол оп-оңай! Келесі қадамдарды орындасаңыз жеткілікті:
Өтініш беру терезесін ашыңыз.
Меморганды іздеу өрісіне "әкімінің аппараты" тіркесін енгізіп, содан соң оның алдына қажетті өңірдің атауын жазыңыз (мысалы, "Алматы әкімінің аппараты").
Іздеу түймешігін басыңыз.
Одан әрі ұсынылған нұсқалар тізімі түріндегі іздеу нәтижелерін көресіз.
Қажетті әкімдікті тауып, жүгінуіңіз сәтті өтсін!