Жиі қойылатын сұрақтар
Бүгінгі күні біз ҚР аумағында балаларда қызылша ауруының өршуі бар екенін атап өтеміз. Қызылшаның өршуі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға әкелмейді, себебі қызылша ауруы вакцинамен басқарылатын инфекцияларға жатады.
Жағдайды тұрақтандыру үшін халықтың осал топтарына вакцинация жүргізу қажет. Сондай-ақ өршуді оқшаулау үшін вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қажет екенін атап өткен жөн.
Адам организмінде қызылша вирусына антиденелердің болуын қызылша вирусына IgG антиденелерінің құрамын қан талдауы арқылы анықтауға болады.
Егер антиденелердің болуы белгілі бір деңгейден жоғары болса, бұл адамның қызылша вирустарынан қорғалғанын білдіреді, егер антиденелер жеткіліксіз болса, иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялау қажет.
Вакцинация – бұл алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда-жұқпалы ауруларды оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Халықты вакцинациялау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі. Балаларды кепілдендірілген сапалы вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) сертификатталған вакциналар сатып алынады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне 1587 объекті тексерілді, 1266 объектіде бұзушылықтар анықталды (80%).
Тексеру қорытындысы бойынша 322,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде 1107 әкімшілік жаза қолданылды. Бұзушылықтарды жою туралы 840 нұсқама берілді.
739 объекті жоспардан тыс тексерумен қамтылды, оның қорытындысы бойынша 464 бұзушылық анықталды, 213 млн. теңгеден астам сомаға 535 айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы 377 нұсқама берілді.
«Таза парақтан» жаңа реттеушілік саясатты енгізу шеңберінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді, оның шеңберінде жедел ден қою шаралары жөнінде ұсыныстар пакеті енгізілді («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде).
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының негізінде бақылауды тағайындау және іріктеп алу кезінде адами факторды болдырмауды қамтамасыз ететін бір ақпараттық жүйе базасында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың және бизнестің есептілігінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі әзірленуде.
Бақылау объектілерін анықтау үшін ақпаратты қалыптастырудың және жинаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығымен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізілді.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілді, оның шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу жөніндегі шаралар көзделген.
Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 08 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге вакцинация паспортын немесе ПТР анықтамасын құжаттық растауды ұсынудың күшін жою туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты 2022 жылғы 8 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 27 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары алынып тасталды.
Әдетте, интернетте техникалық проблемалар болған кезде, бизнес субъектісінің өзі wi-fi жұмысын жалғастырады.
Қазіргі уақытта резидент еместер үшін бизнес субъектісі қызметкерінің паспорт нөмірін қолмен енгізуі арқылы тіркеу мүмкіндігі көзделген.
Резидент еместер ПТР тапсырған кезде төлқұжат деректері пайдаланылатындықтан, ДСМ деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі және мәртебе алынады.
Қызметі рұқсат етілген және карантин кезеңінде қызметін жүргізудің бекітілген алгоритмдері бар субъектілер жобаның ерікті қатысушылары бола алады.
"Ashyq" жобасының ерікті қатысушыларына қатысты "Ashyq"бойынша көзделген жеңілдіктер қолданылмайды. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпаратты әкімдіктердің сайттарында орналастыру жоспарлануда.
ҚР Бас прокуратурасында 115 нөмірі бойынша сall-орталық жұмыс істейді (қоңырау шалу тегін), онда кәсіпкерлер карантиндік шектеулер бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттеріне шағым жасай алады.
Сонымен қатар, тәулік бойы бизнесті қорғау бойынша аймақтық мобильді топтар жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарды "Ashyq" жобасына еріктілер ретінде (Жеңілдіктерсіз) қосуға болады.