Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБүгінгі күні біз ҚР аумағында балаларда қызылша ауруының өршуі бар екенін атап өтеміз. Қызылшаның өршуі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға әкелмейді, себебі қызылша ауруы вакцинамен басқарылатын инфекцияларға жатады.
Жағдайды тұрақтандыру үшін халықтың осал топтарына вакцинация жүргізу қажет. Сондай-ақ өршуді оқшаулау үшін вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қажет екенін атап өткен жөн.
Қызылша ошақтарын эпидемиологиялық тексеру шеңберінде балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейінің (кемінде 90%) сақталуына 2381 МДҰ-ға мониторингтік шығу жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша 1041 МДҰ-да (44%) егумен қамтудың 90% шекті деңгейі сақтамалмайтыны анықталды.
Мониторинг нәтижелері бойынша аумақтық білім басқармаларына қызылша және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, МДҰ-ның басшыларымен және медицина қызметкерлерімен инфекциялардың алдын алуда вакцинацияның маңыздылығы және профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізеді.
Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.
Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 7 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.
Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінгі таңда инфекциялық аурулардың таралу жолымен туындау қаупі өте төмен. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті бақылауында.
Адам папилломасы вирусы – бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Вирустың 190-нан астам түрі белгілі, олардың кем дегенде 13-і қатерлі ісіктің дамуына әкеледі.
АПВ негізінен жыныстық қатынас арқылы таралады және АПВ инфекцияларының көпшілігі жыныстық қатынас басталғаннан кейін көп ұзамай пайда болады.
Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, жасушалардың қатерлі ісігінің қайта шығуының және салдарынан қатерлі ісіктің дамуының қоздырғышына айналады
Көбінесе инфекция асимптоматикалық болып табылады, сондықтан адамда АПВ бар-жоғын арнайы зертханалық талдаудан кейін ғана білуге болады. АПВ инфекцияларының көпшілігінде сыртқы белгілер жоқ.
Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі:
1) тұрмыстық байланыс тәсілмен.
АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.
2) жыныстық қатынас арқылы.
Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады.
3) туылған кезде тік жолмен.
Вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.
4) өзіне-өзі жұқтыру арқылы. Көбінесе қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір аймағынан екіншісіне ауысады.