Жиі қойылатын сұрақтар
Адам организмінде қызылша вирусына антиденелердің болуын қызылша вирусына IgG антиденелерінің құрамын қан талдауы арқылы анықтауға болады.
Егер антиденелердің болуы белгілі бір деңгейден жоғары болса, бұл адамның қызылша вирустарынан қорғалғанын білдіреді, егер антиденелер жеткіліксіз болса, иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялау қажет.
Күйдіргі – адамға жұғу механизмі
1) Күйдіргі жұққан жануарға күтім жасау кезінде;
2) Күйдіргі жұққан жануарды мәжбүрлі сою кезінде;
3) Күйдіргі жұққан жануардың етінен тамақ дайындау кезінде;
4) Күйдіргі жұққан жануардан алынған жүн және жүннен жасалған бұйымдар арқылы;
5) Жер жұмыстарын жүргізу, шабындықтар, ірі жемшөп дайындау кезінде
6) Күйдіргі спораларымен зақымдалған аумақта (өте сирек);
7) Күйдіргі бар жануарды мәжбүрлі сою процесінде қан соратын жәндіктердің (соналар, аралар, бөгелектер, шыбындар) шағуы кезінде (өте сирек).
Күйдіргі – жануарларға жұғу механизмі.
1) Топырақ арқылы - күйдіргі спораларынмен зақымдалған жайылым, "қарғыс атқан" жерлерде шаң мен шөп арқылы (көбінесе құрғақ);
2) Бірлескен жайылым кезінде күйдіргімен ауырған жануарлардан ластанған бөлінділер (қан, зәр, көң) арқылы;
3) Күйдіргі спораларын жұқтырған "қарғыс атқан" жайылым учаскелерінде дайындалған құрғақ жем арқылы;
4) Қан соратын жәндіктердің шағуымен: сона, аралар, шыбындар (өте сирек).
Күйдіргі қоздырғышы – бұл жануарлардың ағзасында тез көбейетін, топырақта (ұйықтап жатқан күйінде) шексіз ұзақ уақыт бойы сақталып, споралы (сыртқы әсерден қорғалған) түрге ауыса алатын таяқша тәрізді бацилла.
Жануарлар мен топырақты жұқтыру механизмі:
1) Спора күйдіргі бацилласына активтеліп, көбейеді және жануарды өлтіреді;
2) Бацилла ауру жануардан бөлінеді (шығады), көрші жануарларды, жайылым, топырақты жұқтырады және топырақта 100 жылдан астам уақыт бойы сақтала алатын спораға айналады;
3) Күйдіргі споралары "қарғыс атқан", яғни жұқтырылған жерлердің пайда болуына әкеледі.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес "2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар" шеңберінде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны енгізу көзделген.
АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Енгізу шамамен ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жоспарлануда.
ДДҰ ұсынымдарына сәйкес вакцинация үшін ұсынылатын топ 9 - 14 жас аралығындағы қыз балалар. Осыған байланысты ҚР-да 11 жастағы қыздарға вакцинация жүргізу жоспарлануда.
Жатыр мойнының обыры ауруының (бұдан әрі – ЖМО) дамуы АПВ инфекциясына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. АПВ жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация.
ДДҰ мәліметтері бойынша ЖМО ауруы әлемдегі барлық қатерлі ісік ауруларының құрылымында 13 %-ға дейін алады. Әлемде жыл сайын ЖМО ауруынан 300 мыңға дейін әйел қайтыс болады.
Қазақстанда жыл сайын 1600-ден астам жағдай тіркеліп, 500-ден астам әйел қайтыс болады. Қатерлі ісік ауруының құрылымында ЖМО ауруы 5 – ші орында, ал өлім-жітім құрылымында – 8-ші орында.
Бүгінгі таңда 125-ке жуық ел (АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия, Венесуэла, Ұлыбритания және т.б.) өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 4-тармағына сәйкес медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар міндетті профилактикалық егулер алуға міндетті.
Бірақ вакцинацияға келісу немесе одан бас тарту құқығы қалады. Кодекстің 77-бабына сәйкес егілетін адамның (немесе оның заңды өкілінің) профилактикалық егуді алудан бас тартуға құқығы бар.
Вакцинацияның басты мақсаты халықты тиімді вакциналар бар инфекциялық аурулардан қорғау болып табылады. Денсаулық жағдайына байланысты егуге болмайтын халықтың анағұрлым осал топтары, сондай-ақ жасы бойынша вакцинация сатысындағы балалар ерекше қорғауды талап етеді.
Бұдан басқа, ҚР Конституциясының 29-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ҚР азаматтарының денсаулығын қорғауға құқығы бар және заңда белгіленген тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемін тегін алуға құқылы екендігі белгіленген.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 39-бабында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін деп көзделген.
Осыған байланысты, халықты вакцинациялау міндеттілігі мәселесі республика азаматтарының денсаулығы мен өмірін инфекциялардың салдарларынан қорғау мақсатында адам құқықтарын шектей отырып іске асырылуы мүмкін.
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін «Serum Institute of India» компаниясы шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (бұдан әрі - ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады.
«Serum Institute of India» өндірушісі сапа мен қауіпсіздікке кепілдік беретін ДДҰ-ның алдын ала біліктілігінен өткен әлемдегі 2 компанияның бірі болып табылады. 2022 жылы осы өндірушінің ҚҚП-ның 236 млн. дозасы жеткізілді, бұл әлемде қолданылатын осы инфекцияларға қарсы барлық вакциналардың 80%ын құрайды.
Осы өндірушінің ҚҚП вакцинасы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.
ҚР-да ҚҚП аралас вакцинасын енгізумен байланысты асқынулар тіркелмегенін атап айту қажет. Өндірушінің нұсқауларында сипатталғандай вакциналар енгізілген кезде пайда болатын дене температурасының жоғарылауы, вакциналар енгізілген жерде қызару, ісіну сияқты күтілетін реакциялар тіркелген.
Елде қызылшаның алғашқы жағдайлары 2023 жылдың ақпан айында тіркелді. Бұл ретте, ауру жағдайлары әртүрлі жас топтарында тіркелді, бұл осал топтарға вакцинациялауды жоспарлауға мүмкіндік бермеді.
Қзылша ауруы 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларынан бастап байқалды, бұл кезде оқу жылының басталуы және адамдардың жабық үй-жайларда жиналуы қызылша ауруының күрт өсуіне ықпал етті. Бұл ретте, қызылшаның жағдайлары негізінен 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (65%). Осыған байланысты 5 жасқа дейінгі балаларға қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды.
ҚҚП вакцинасының қосымша көлемін сатып алу қыркүйек айында басталды. Әлемдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды және вакцинаға жоғары сұранысты ескере отырып, елге вакцинаны жеткізу 2023 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылды.
Орташа есеппен, тәулігіне 300-350 қызылша жағдайы тіркеледі.
Жоқ. Инфекция жұқтырғаннан кейін адамда өмір бойы иммунитет пайда болады, яғни қызылшамен қайта ауыру мүмкін емес.
Қызылшамен ауырып жазылғаннан кейін иммунитет қатты әлсірейді, иммунитетті қалпына келтіру үшін бірнеше жыл қажет болады және бала басқа инфекцияларға осал болады. Қызылша ауруымен ауырып жазылғаннан кейін бірнеше ай өткен соң да, адам өзі қорғалған және егілген инфекцияларға осал болып қалады.
.