Жиі қойылатын сұрақтар

Азаматтық қорғау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық қорғау органдары құрылыс саласында бақылау функцияларын жүзеге асырмайды, яғни жер учаскелерін құрылысқа бөлу, жобалық құжаттаманы келісуде, салынып жатқан объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексеру және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі комиссияларда қатыспайды.

Сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес объектілердің құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шаралары, сондай-ақ жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.