Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 1-қосымшаның 1-тармағына сәйкес бір уақытта қабатта 10-нан астам адам болған кезде адамдарды эвакуациялау жоспарлары ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) әзірленеді. Эвакуациялау жоспарын құру бойынша ұсыныстар осы қосымшада көрсетілген.
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 "өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес сараптама ұйымы-аккредиттелген ұйым – белгіленген тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға.
Сараптама ұйымдарын аккредиттеуді "өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті жүзеге асырады.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптамалық ұйымдардың тізілімі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында орналастырылған (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/documents/details/127118?lang=ru).
2. Қойма үй-жайларына арналған үй-жайларды жылжымалы өрт сөндіргіштермен жарақтандыру нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 1-6-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.