«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басшылығымен Тәжікстан Республикасында мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау мақсатында Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзода мырзамен, «ҰАТ» АҚ Өнімдерді ілгеріту департаментінің Директоры Сармат Утигалиевпен, «Alem School» Бағдарламалау мектебінің Бас директоры Данабек Қалиаждаровпен және Қазақстанның IT менеджерлері қауымдастығының Сарапшысы Әсемгүл Есімовамен кездесу ұйымдастырды.