«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:
- Әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері - 2 бірлік. Функционалдық міндеттері: ДРК саласындағы іс-шаралар жоспарын қалыптастыруға және іске асыруға жәрдемдесу; ДРК саласындағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу; ДРК аймақтық жобаларының Қоғамның ағымдағы бастамаларымен және бағдарламаларымен өзара байланысын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам органдарының шешімдеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ДРК саласында білім мен дағдыларға ие болу. Жұмыс тәжірибесі - қажет емес. Халықаралық және Еуропалық классификацияға сәйкес негізгі шет тілін А2 деңгейінен төмен емес деңгейде білу.
- Мониторинг және әкімшілік департаментінің менеджері - 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Кадрлық іс жүргізу және құжат айналымын жүргізу; Қоғам Басқармасы хатшысының функциялары; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам органдарының шешімдеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Жұмыс тәжірибесі - мамандығы бойынша кемінде 5 жыл.
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 22 мамыр.
Түйіндеме келесі электрондық поштаға жіберіледі – s.nurzhan@kazaid.kz