
2023 жылғы 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарының 30 жыл орнауына орай Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб Ханымның Қазақстан Республикасына сапары ұйымдастырылды.
Сапар барысында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтары өкілдерінің екіжақты кездесулері өткізілді.
Бірлесіп қол қойылған құжаттардың бірі дамуға ресми көмек (ДРК) желісі бойынша білім беру жобасын іске қосу мақсатында Меморандум болды. Бұл жобаның үйлестірушісі ДРК саласындағы ұлттық оператор деп танылатын, ҚР СІМ-нің қарауындағы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі болады.