Қазақстандағы қазіргі тарихи кезеңдегі реформалар өз ауқымдылығымен ерекшеленеді – қысқа мерзімде олар ұлттық мүдделердің барлық салаларын қамтыды: экономика мен саясаттан бастап ұлттық бірегейлік мәселелеріне дейін. Алайда кез келген жалпымемлекеттік реформаның мазмұндық жағы ғана емес, кеңістіктік өлшемі де бар – яғни бұл реформалар жүзеге асырылатын нақты орын. Бұл орын – өңірлер, еліміздің негізін құрайтын тірек. Себебі дәл осы өңірлерде халық тұрады, реформалар солар үшін және солардың күшімен жүзеге асады – қағазда емес, нақты қалалар мен ауылдарда. Сондықтан Мемлекет басшысы жариялаған “Күшті өңірлер – қуатты ұлт” қағидаты Қазақстан дамуының әрдайым іргетасы болып келді және бола береді.