Таңдап сатып алу арқылы тіркеу мерзімін қысқарту және сапасын бақылау: Олжас Бектенов Президенттің дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар бағасын барынша қолжетімді ету бойынша тапсырмасының орындалуы туралы

Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қарау кезінде Премьер-министр еліміздің фармацевтика нарығын дамытудағы жаңа тәсілдерді атап өтті.

«Мемлекет басшысы өзімізде жасалатын дәрі-дәрмектің түрі мен санын көбейтуге қатысты маңызды міндет қойды. Ол үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеудің жеңілдетілген тетігі енгізілді. Нәтижесінде Қазақстанда жаңа препаратты тіркеу 2-5 жылдан 100 жұмыс күніне дейін қысқарды. Яғни, дәрілердің ең жаңа түрлері, емдеу және диагностикалау әдістері тұрғындар үшін қолжетімді бола түсті»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.