Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында
Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Құрмет Жұмекеновтің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері, алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстарының барысы туралы айтылды. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы басталғалы бері облыстағы тұрғын үй секторындағы өрт саны 12%-ға азайған, алайда қауіп толық сейілген жоқ. Айта кетейік, «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне 4 300 өрт хабарлағышы орнатылды. Бұл құрылғылардың дер кезінде іске қосылуының арқасында бірнеше төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін болды.