Жалпы ақпарат

Заруов М.М.
Заруов Мирас Максутович

Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімі

Әкімдік туралы

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл әкімі аппараты) мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Ауыл әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Ауыл әкімі аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Ауыл әкімі аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Ауыл әкімі аппараты заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Ауыл әкімі аппараты өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Ауыл әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100410, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қарақұдық ауылы, Ғ.Мұстафин көшесі, 43А.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже ауыл әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Ауыл әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Ауыл әкімі аппаратына өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер ауыл әкімі аппаратына заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты