Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының «Газ туралы және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 3 тармағына сәйкес өңірлік газдандыру схемаларын облыстар, республикалық маңызы қалалар, астананың әкімдіктері қалыптастырады.

Сонымен қатар, Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның ішінде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған газды пайдалануының басымдығы ескеріле отырып әзірленеді.