Жиі қойылатын сұрақтар
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 157-бабының 5 сәйкес, көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі) бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 14 тармағына сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) лицензиар (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6-9-тармақтарына сәйкес, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған өтініштерді қараудың жалпы тәртібі анықталған:
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексеріледі. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды;
2) Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне біліктілік талаптарына сәйкес келуіне рұқсат беру бақылауын жүргізуге сұрау салуды электрондық нысанда жібереді (Біліктілік талаптары ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №77 бұйрығымен бекітілген);
3) Аумақтық бөлімшенің қызметкері сұрау түскен сәттен бастап және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша қорытындыны дайындайды. Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытынды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі;
4) Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды, Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 22 бабының 3 тармағына сәйкес, көмірсутектер саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады.
Лицензияның және оған қосымшаларының жарамдылық мерзімі шексіз.
Иә, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсаттар алады және хабарламалар жібереді (ҚР Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 20 бабының 2 тармағы).
Алайда, Біліктілік талаптарға сәйкес келуі (өндірістің базаның / кеңсенің / қойманың / зертхананың, жабдықтардың, растайтын құжаттардың бар болуы) өтініш берушімен Қазақстан Республикасының аумағында расталу қажет.
Веб-порталдың техникалық қолдауы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Call-center нөміріне хабарласуыңызға болады: 1414 немесе 8 (7172) 906984. Сондай-ақ sd_el@nitec.kz поштасына туындаған жағдайдың сипаты мен скриншоттарын салып жазуға болады.
Егер заңды және жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасы бар болған жағдайда, онда:
1) тұлғаға қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгеруіне байланысты қолданыстағы лицензия қайта ресімдеуге жатпайтынына куә болу керек.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.
2) қайта ресімдеуге негіздер болмаған жағдайда, тұлға қолданыстағы лицензияға қосымша алуға өтінішті беруге құқылы.
www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын алуға және қайта ресімдеуге өтініш бере алады.
Лицензия және лицензияға қосымша алу үшін өтініш беру кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 77 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне сәйкес «Мәліметтер нысанын» толтыру қажет.
Сондай-ақ ЭҮТШ арқылы лицензияны және оған қосымшаны алу немесе қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымды төлеу туралы электрондық құжат тіркеледі.
Веб-портал арқылы лицензияға қосымша алу үшін өтініш беру немесе қайта ресімдеуге өтініш беру кезінде, лицензиялық жинақтың төленуі туралы құжаттың көшірмесінен басқа, сол немесе басқа өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуі қажет. (5-сұрақтың жауабын қараңыз).
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33 бабының 4 тармағына сәйкес, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде беруге тиіс.