Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025 – 2040 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес 2028-2030 жылдары қуаты жылына 10 млн тонна жаңа мұнай өңдеу зауытының (бұдан әрі - МӨЗ алдын-ала немесе толыққанды техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН)) әзірлеу, бұдан әрі 2030-2032 жылдары жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және 2032-2040 жылдары құрылыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде 2026-2033 жылдары еліміздегі қайта өңдеу қуаттарын жылына 40 млн тоннаға дейін жеткізе отырып, қуаты жылына 10 млн.тонна жаңа МӨЗ-ді ТЭН, жобалау, салу және іске қосу бойынша жұмыстар көзделген.
Инвестициялар көлемі, қаржыландыру көздері, сондай-ақ шикізатты қамтамасыз ету мәселесі, технологиялық конфигурация және өнім желісі параметрлері жаңа МӨЗ салу жобасының ТЭН әзірлеу шеңберінде пысықталатын болады.
Сондай-ақ, тұжырымдама орта мерзімді перспективада ішкі нарықта мұнай өнімдерінің жетіспеушілігін шешу және жақын өңірлерге экспорттық әлеуетті дамытуды бастау қажеттілігін көздейді, бұл үшін орынды:
1) алдымен жұмыс істеп тұрған зауыттарды кеңейту әлеуетін пайдалануға;
2) бұдан әрі жаңа МӨЗ салуға бастамашылық жасау.
Жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ді кеңейту, оның ішінде Жаңа объектілерді жаңғырту және іске қосу-баптау тәжірибесі бар білікті кадрлар, жаңа жабдықтар мен материалдарды жеткізу және мұнай өнімдерінің үлкен көлемін тиеп-жөнелту үшін мұнай құбырларын, теміржол және автомобиль жолдарын қамтитын дамыған инфрақұрылым, беру эстакадалары және энергия ресурстарының көздері сияқты артықшылықтар есебінен орынды болып табылады.
Қазіргі уақытта мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн. тоннадан 27,7 млн. тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобалар, оның ішінде:
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - жылына 6 млн. тоннадан 12 млн. тоннаға дейін;
Павлодар мұнай-химия зауыты - 2 кезеңде мұнай жылына 5,5 млн. тоннадан 9 млн. тоннаға дейін;
Атырау мұнай өңдеу зауыты-жылына 1,2 млн.тонна немесе шикізат бойынша жылына 5,5 млн. тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін өңдеу қуаттарын кеңейту жобалары есебінен іске асырылуда.
Қазіргі уақытта мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн. тоннадан 28 млн. тоннаға дейін ұлғайту, оның ішінде:
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - жылына 6 млн. тоннадан 12 млн. тоннаға дейін;
Павлодар мұнай-химия зауыты - 2 кезеңде мұнай жылына 5,5 млн. тоннадан 9 млн. тоннаға дейін;
Caspi Bitum - мұнай жылына 1-ден 1,5 млн. тоннаға дейін;
Атырау мұнай өңдеу зауыты – жылына 1,2 млн.тонна немесе шикізат бойынша жылына 5,5 млн. тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін өңдеу қуаттарын кеңейту жобалары есебінен іске асырылуда.
Бұл нарықтың бензинге, авиациялық және дизель отынына деген қажеттілігін 2035 жылға дейін қоса алғанда, толық жабуға және артық ЖЖМ экспорттауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, лицензия және лицензияға қосымша алу үшін өтініш беруші келесі көрсетілген құжаттар жинағын портал арқылы тиісті органға ұсынуы қажет:
1) Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны алу кезінде талап етілмейді);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын.
Газдандыру жөніндегі қызметтер, нақтырак айтқанда жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары бәсекелестік және табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтер болып табылмайды.
Газбен жабдықтау жүйелерін салу және жеке инвестормен салынған газ жүйлеріне қосылу қызметтерінің құны бәсекелестік нарыққа жататынын және мемлекет тарапынан реттелмейді. Сонымен қатар, газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы 5 тармағына сәйкес, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығындар газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелері есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 4-тараудағы 51-тармаққа сәйкес, есептеу құралдарының техникалық қызмет көрсетуі және тексерілуі есептеу құралдарының иесі тарапынан жүзеге асырылады. Есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады. Меншік иесімен шарт бойынша есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғының иесі немесе өзге де мамандандырылған ұйым жүргізуі мүмкін. Сонымен қатар, 52-тармаққа сәйкес, есептеу құралдарын тексеру межелік тексеру уақытына сәйкес, мемлекеттік өлшемдер жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдер бойынша, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, құралдардың дәлдігіне күмән болған жағдайда, тексеру мүдделі тараптардың бірі берген өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Есептеу құралдарының тексерілуі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Өлшем құралдары келесі түрлермен тексеріледі: бастапқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық. Мерзімді тексеру пайдаланудағы өлшем құралдарына жүргізіледі. Газ есептегішінің тексеру мерзімі газ есептегішінің паспортында көрсетілген, ол тұтынушыда сақталады. Әрбір газ есептегішінің тексеру мерзімі өзіндік, аралық тексеру уақыты газ есептегішінің паспортында көрсетілген.