Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қазанда №15943 болып тіркелген « Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу» қағидаларының 10 және 11-тармақтарына сәйкес, Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.
Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:
- Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі жалаңаш сымды әуе желілері үшін – әр жағынан 2 метр.
- Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен тірелетін оқшауланған сымды (СИП) әуе желілері үшін – әр жағынан 1 метр.
- Кернеуі 1–20 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 10 метр.
- Кернеуі 35 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 15 метр.
- Кернеуі 110 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 20 метр.
- Кернеуі 220 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 25 метр.
- Кернеуі 330–500 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 30 метр.
- Кернеуі 1150 кВ әуе электр беру желілері үшін – әр жағынан кемінде 55 метр.
Күзет аймақтарының шегінде құрылыс, жер қазу және өзге де жұмыстарды жүргізуге арнайы шектеулер қолданылатынын есте ұстаған жөн. Электр беру желілерінің қауіпсіз пайдаланылуына әсер етуі мүмкін кез келген қызмет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып және қажет болған жағдайда электр желілерін пайдаланушы ұйыммен келісу арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Электр беру желілерінің күзет аймақтарына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 305-бабына сәйкес « Электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу» бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы бапқа сәйкес құқық бұзушыларға белгіленген мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ «Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мотор майының тұтынушылық қаптамасының әрбір бірлігі жеке таңбалануға тиіс. Таңбаланған тауарларды топтық немесе көліктік қаптамаға жинақтау кезінде көліктік қаптаманың агрегатталған сәйкестендіру коды қолданылуы мүмкін. Мұндай агрегация тек логистикалық бірліктерді шоғырландыру және олардың қозғалысын қадағалау мақсатында қолданылады, алайда ол қаптамаға салынған тауардың әрбір бірлігіне бірегей сәйкестендіру құралын жағу міндетінен босатпайды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 ақпанға дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларын өткізуге тыйым салу мерзімі белгіленбеген.
Мұндай тауар қалдықтары сәйкестендіру құралдарын қолданбай-ақ жалпы белгіленген тәртіппен толық айналымнан шығарылғанға дейін немесе олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін әкелінуі және өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабына сәйкес міндетті таңбалау талаптары тек жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін әкелетін тауарларға қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына енгізілген тауарларға өз өндірістік немесе технологиялық қажеттіліктері үшін импорттайтын заңды тұлғалар оларды таңбалау міндетінен босатылмайды.
Ішкі тұтыну үшін импорттау кезінде қадағалауды қамтамасыз ету процесі екі кезеңнен тұрады:
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылғанға дейін тауарларға сәйкестендіру құралдарын (Data Matrix кодтарын) жағу;
- Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) одан әрі өткізу фактісінің болмауына байланысты «Айналымнан шығару туралы хабарлама» құжатын қалыптастыру. Бұл ретте шығару себебі ретінде «өз өндірістік қажеттіліктері үшін» немесе «қызмет көрсету үшін» деген негіздердің бірін таңдау қажет. Аталған хабарлама өңделгеннен кейін таңбалау кодтары айналымнан шығарылады және тауардың осы бірліктерінің айналымы ресми түрде аяқталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) ресімдеу кезінде таңбалау кодтарын көрсету міндеті де, қажеттілігі де көзделмеген. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл тәсілді 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қадағалау тетіктері толық көлемде енгізілгеннен кейін де сақтауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығымен бекітілген) сәйкес таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа (ТІЖ) міндетті түрде енгізу көзделген. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден өнім импортталған кезде айналымға қатысушы мотор майларының қозғалысын ТІЖ арқылы ресімдейді және импортталатын тауарға жағылған барлық сәйкестендіру құралдарын (таңбалау кодтарын) міндетті түрде көрсетеді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлға-лицензия иегері тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензия иегері қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензия иегері қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензия иегерінің, атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) өндіріс базасының мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Егер елді мекендердің атаулары, заңды мекенжайлардың көше атаулары өзгерген жағдайда, мұндай мекенжай өзгерістері лицензия иегері мен лицензия нысаны бойынша мемлекеттік цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет түрінің және (немесе) қызмет кіші түрінің атауы өзгертілген жағдайда, рұқсат беру тәртібі енгізілген лицензия иегері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқылы.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін «Е-лицензиялау» сайтында көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензияны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы өтініш беру қажет.
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі – әрбір кіші түрі 8 АЕК.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 22 бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қызмет етуге құқық береді.
Қазіргі қолданыстағы көмірсутектер саласындағы жұмыс және қызметтерге арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қызмет етуге құқық береді.
Лицензиянын және лицензияға қосымшаларының мерзімі шектелмеген.
Мысалы, «Болашақ» ЖШС өндірістік базасы Ақтау қаласында орналасқан лицензия берілген, сонымен қатар, Алматы немесе Астана қалаларында жұмыс жасауға жоспарлары бар. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қызмет етуге құқық береді, лицензиянын және лицензияға қосымшаларының мерзімі шектелмеген, сондықтан "Болашақ" ЖШС Алматы немесе Астана қалаларында жұмыс жүргізе алады.
Лицензия және лицензияға қосымша алу үшін www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы бар (ЭЦҚ), дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан өтініштер www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталдары арқылы беріледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес, лицензия және лицензияға қосымша алу үшін өтініш беруші келесі көрсетілген құжаттар жинағын портал арқылы тиісті органға ұсынуы қажет:
1) нысан бойынша өтініші;
2) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
3) мәліметтер нысанын.
Техникалық ақаулар туындаған жағдайда, www.elicense.kz, www.egov.kz порталдарының жұмысы тоқтатылған жағдайда, 701-999 телефоны бойынша немесе sd_el@nitec.kz электрондық мекенжайына техникалық қолдауға жүгіну қажет.
«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң), орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде бұрын пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлерге арналған үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алуды, орнатуды, салыстырып тексеруді және ағымдағы пайдалануды жылу тасымалдаушы субъект жүргізеді. Үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, салыстырып тексеру және ағымдағы пайдалану шығындары кейіннен жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған тарифке қосылады.
Заңның 39-бабының 10-тармағына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспабы пайдалануға берілгеннен кейін жылу тасымалдаушы субъект оны өтеусіз негізде өз балансына қабылдайды.
Жоғарыда аталған Заң нормаларын қабылдау қажеттілігі үйге ортақ есепке алу аспаптарына тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы балансына көшу кезінде үйге ортақ есепке алу аспаптары, қаржылық мәселе өткір туындайды, ақшалай түсімдердің болмауына байланысты тұрғындар уақтылы жөндеу мен тексеруді ұйымдастыра алмайды.
Сонымен қатар, жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметке арналған тарифке кейіннен ОЕА-ын сатып алуға, орнатуға, тексеруге және ағымдағы пайдалануға арналған шығындарды қосу қажеттілігі иесіз ОЕА-ның пайда болуын ұлғайту тәуекелдерін барынша азайту мақсатымен негізделген. Қаржылық шығыстарды бөлу болады неғұрлым әділ және ашық әдіспен қазіргі жағдайға қарағанда, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бір бөлігі ОЕА-на техникалық қызмет көрсету үшін ақша салудан және төлеуден бас тартқан кезде.
Сонымен қатар, жылу тасымалдаушы субъектінің табиғи монополиялар субъектісі ретіндегі кез келген шығыстарын растайтын материалдарды ұсыну жолымен уәкілетті органдар тексереді. Өйткені, табиғи монополиялар субъектісінің шығыстарының бұл бағаны жылу энергиясына тарифтің қалыптасуына әсер етеді және барлық тараптар ұсынылатын ақпараттың ашықтығы мен дұрыстығына мүдделі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларының 10 және 11-тармақтарына сәйкес электр зарядтау станцияларын электр желілеріне қосу энергия беруші ұйым немесе энергия өндіруші ұйым беретін техникалық шарттар негізінде жүзеге асырылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабының 1-тармағына сәйкес жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға байланысты мәселелерді қарайтынын және шешімдер қабылдайтынын қосымша атап өтеміз. Жиналыста тұрақ орындары мен қойма үй-жайларының иелері тұрақ орындары мен қоймаларды ұстауға байланысты мәселелерді қарастырады және шешімдер қабылдайды. Жиналыс қабылдаған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындары мен қоймалардың барлық иелері үшін міндетті болып табылады. Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді. Осыған байланысты, тұрғын үй кешенінің тұрақ орнында электр зарядтау станциясын орнату тұрғындардың дауыс беру нәтижелері бойынша және кондоминиум объектісі иелерінің келісімін ескере отырып жүзеге асырылады.