Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші келесі көрсетілген құжаттар жинағын портал арқылы тиісті органға ұсынуы қажет:
1) Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген кіші қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге негіз болған өзгерген мәліметтері бар құжаттар мыналар болуы мүмкін екендігін айта кету керек:
1) заңды тұлғаның шешімінің көшірмесімен қайта ұйымдастырудың үлгісін көрсете отырып, Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырған жағдайда;
2) объектінің орналасқан жерінің мекен-жайы өзгерген жағдайда (Өндірістік база),
лицензия қосымшасында көрсетілген өндірістік базаға иелік етудің заңды құқықтарын растайтын құжаттың көшірмесі (меншік иесі туралы мәлімет, жалдау, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес өзгеде заңды құқықтар немесе сенімді басқару).
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 11-тармағына сәйкес, Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу келесі жағдайларда жүзеге асырылады :
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың 7-9-тармақтарын басшылыққа алу қажет.
Сонымен қатар, лицензия және лицензияға қосымша алу үшін қызмет түрлері және кіші түрлері атауының өзгеруі қайта ресімдеуге негіз бола алады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 7-тармағына сәйкес, өтініш порталда тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығы тексеріледі.
Қызмет алушымен құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, өтінішті қабылдап тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын алуға өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, лицензия және лицензияға қосымша алу үшін өтініш беруші келесі көрсетілген құжаттар жинағын портал арқылы тиісті органға ұсынуы қажет:
1) Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны алу кезінде талап етілмейді);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 1- қосымшасына сәйкес Лицензия және лицензияға қосымша алу үшін қызмет түрлері және кіші түрлерінің толық тізбесі белгіленген.
Көмірсутектер саласындағы лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне «Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия» (1-қосымшаның 8-жолы), оның ішінде 13 қызметтің кіші түрлері:
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
- Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар.
- Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану.
- Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
- Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
- Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген қызметтің кіші түрлерінің құрамына кірмеген жұмыстар/операциялар лицензиялауға жатпайды. Яғни мекеме бұл жұмыстарды лицензия және лицензияға қосымшасыз атқара алады.
Веб-порталдың техникалық қолдауы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Call-center нөміріне хабарласуыңызға болады: 1414 немесе 8 (7172) 906984. Сондай-ақ sd_el@nitec.kz поштасына туындаған жағдайдың сипаты мен скриншоттарын салып жазуға болады.
www.elicense.kzwww.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), өтініш беруші Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне шикі газды факелде жағуға рұқсат алуға өтініш бере алады.
Рұқсат алу үшін өтініш беру кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары сәйкес «Мәліметтер нысанын» толтыру қажет.
Кен орнының дайындық кезеңінде газды жағу «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының негізінде, яғни шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезіндегідей жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағудың нормативтері және көлемдерін есептеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі» 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 14-15-тармақтарымен өтініштерді қараудың тәртібі келесідей анықталады:
1) шикі газды факелде жағуға рұқсат беру алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексеріледі. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.
2) Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші алты жұмыс күні ішінде олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған мәліметтер дұрыс болған және олар Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат немесе Қағидалардың 15 тармағында көрсетілген негіздер бойынша Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6 және 8 тармақтарына сәйкес, өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
- ұңғыма объектілерін сынау кезінде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш;
2) өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.
- кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш.
www.elicense.kzwww.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), өтініш беруші Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне шикі газды факелде жағуға рұқсат алуға өтініш бере алады.