Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 14 және 15-тармақтарына сәйкес, өтініш порталда тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі.

Қызмет алушымен құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, өтінішті қабылдап тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.