Құрылым
«МАК» ӨСК» АҚ
Миссиясы
Қазақстандықтардың әлеуметтік және қаржылық қорғалуын жақсартуға бағытталған үлгілі және сенімді тәжірибе үшін ең жақсы шешімдер мен стандарттарды енгізу.
Міндеттері
- қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесімен қызметкерлердің және аннуитеттік сақтандыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде сақтанушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ету;
- сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметтерді көрсету;
- ұсынылатын қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
- сақтандыру нарығын дамыту саласында мемлекеттің бастамаларына ықпал ету.
Компанияның мақсаты
- еліміздің сақтандыру нарығында әртүрлі аннуитеттік өнімдердің пайда болуы;
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарттарының негізінде сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамтылуға азаматтардың құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
- «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңының іске асырылуына ықпал ету.
«ӘҚСД ҰҒО» ШЖҚ РМК
2014 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Республикалық есту қабілетін түзету орталығы» РМҚК және «Республикалық экспериментті протездеу орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК болып біріктірілді. 2017 жылдың 18 ақпанында мекеме ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК атауына өзегртілді.
2017 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 397 Қаулысына сәйкес, кәсіпорын атауы ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
ҚР ЕХӘҚМ «ӘОД ҒПО» ШЖҚ РМК «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК атауын өзгерту туралы» 2023 жылғы 6 қазандағы №431 Қазақстан республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бұйрығымен ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК атауына өзгертілді.
Осылайша, «ӘҚСД ҰҒО» ШЖҚ РМК кохлеарлы имплантанттары бар балалардың есту және сөйлеу қабілеттерін дамыту жүктелген, жауапты және күрделі шешімдер қабылдайтын, бірінші мемлекеттік құрылым болды. Мұндай мекемеге қажеттілік, 2007 жылдан бастап елімізде кохлеарлы имплантация жасау мүмкіндігінің пайда болуына байланысты туындады.
Мекеме есту аппаратына имплантант орнатылған балаларды әлеуметтік ортада бейімдеуге байланысты, жоғары және төмен аяқ-қолдарды протездеуге арналған өзекті мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, есту аппаратына тән басты сырқат түрлерін анықтау, емдеу және алдын алу, жаңа инновациялық технологиялар базасында қол-аяқты протездеу мәселелерімен шұғылданады.
Мекеме мамандары Қазақстанда алғаш болып есту және сөйлеу қабілеттері тежелген балаларға арнайы сауықтыру бағдарламасын құрастырды. Бұл әдіс медицина, сурдопедагогика және әлеуметтік бейімделу ережелерінің жиынтығы негізінде дайындалған.
Кәсіпорын шетелдік әріптестермен тұрақты байланыс арнасын орнатқан. Мамандарымыздың біліктілігін арттыру мақсатында орталығымызға алыс және жақын шет елдерден білікті ғалымдар келіп, тәжірибе бөлісуде. Сонымен қатар, қызметкерлеріміз тұрақты түрде Ресеуге, Германия мемлекетіне біліктілік арттыруға барып тұрады. Алған білімдерін Орталықта тәжірибеде қолданады.
Кәсіпорын жоғары білікті мамандар ұжымынан құралған. Біріншіден, бұл протезші-дәрігерлер аяқ-қолдары зақымданған адамдарға сапалы медициналық көмек көрсететін мамандар, екіншіден, сурдолог, сурдопедагог, ЛОР-дәрігер, логопед, психолог, массаж жасауды жүзеге асыратын қызметкерлер. Біріге келе, мұның барлығы жұмысымызды баянды да сапалы атқарылуы.
Протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарын протездеуге көмек жасаймыз. Орталығымызда жыл сайын 200-ден астам протездер жаңа технологиялар арқылы дайындалады.
«ӘҚСД ҰҒО» ШЖҚ РМК құрылымына Алматы қ. бас кәсіпорын және он бір облыстық филиал кіреді.
Филиалдар базасында есту-сөйлеу және есту аппаратын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды үйде одан әрі оңалту арқылы оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын таңдау бойынша қызметтер көрсету үшін білікті мамандар құрамы таңдалды.
«МӘСҚ» АҚ
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.
2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді.
Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады
Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді.
Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады.
МӘСҚ-ның ағымдағы қызметіне басшылықты жеке-дара жүзеге асыратын басқарма атқарушы орган болып табылады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді.
Басқарма төрағасы:
Курманов Алмас МухаметкаримовичТелефон:
8 (7172) 98-39-62Электрондық пошта:
info@gfss.kz«ЕРДО» АҚ
МИССИЯ
- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТИІМДІ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУҒА КӨМЕКТЕСУ.
КӨРIНIСI
- Еңбек нарығын және еңбек ресурстарын дамыту саласындағы құзырет орталығы, еңбек нарығын реттеу және дамыту бойынша тиімді саяси шешімдер қабылдау, халықты жұмыспен қамтуға көмектесу үшін ақпараттың қайнар көзі.
ҚЫЗМЕТ
- Еңбек нарығы бойынша ақпараттың қайнар көзі ретінде қалыптасу;
- Жұмыспен қамту қызметтері қызметтерінің тиімділігін арттыру;
- Әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерін енгізу және дамыту.
Телефон:
+7 (7172) 95-43-18 (вн. 301)«ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК (қысқаша: «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 қаулысына сәйкес құрылды.
Бас директордың м. а:
Отаров Ертай ЖалгаспаевичТелефон:
8 (7172)-57-06-02Электрондық пошта:
Otarov.E@rniiot.kz