«МӘСҚ» АҚ
Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қордың негізгі қызметтерi:
- әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы – асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы төнген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді.
Қордың:
- әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
- Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
- Мемлекеттік корпорациядан қаржы қозғалысы туралы ақпарат алуға;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
- артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтаруды жүзеге асыруға;
- әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
- уәкілетті мемлекеттік органдар мен әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы тиісті ақпаратты сұрату жолымен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруге;
- Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға құқығы бар.
Қор:
- мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
- Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
- жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
- әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын қамтамасыз етуге;
- әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге міндетті.
Қор:
- Қор активтерiн кепiлге беруге;
- кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
Ресми сайт: https://gfss.kz/kk/