Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша электрондық еңбек биржасында 60,4 мың бос жұмыс орны және 65,6 мың түйіндеме орналастырылған.
Кәсіптер топтары бөлінісінде жұмыс берушілердің негізгі қажеттілігі біліктілігі жоқ жұмысшыларға тиесілі болды (4,9 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8%).
Ауыл шаруашылығында, сондай-ақ құрылыста білікті емес жұмысшыларға деген қажеттілік басым.
Біліктілігі жоқ қызметкерлер тобын қоспағанда, қаңтарда жалпы республика бойынша жалпы практика және терапия дәрігерлерінің, сондай-ақ күтім жөніндегі орта медициналық персоналдың және инфекционист дәрігерлердің, реаниматологтардың, психиатрлардың тапшылығы қалыптасты.
Сонымен қатар, жарнама және маркетинг мамандарының, сондай-ақ сантехниктер мен құбыр жүргізушілердің тапшылығы бар.
Артықшылыққа келетін болсақ, қаңтарда бұл заңгерлер, электроника техниктері, кең профильді кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ қаржы және инвестициялар бойынша кеңесшілер арасында қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің еңбек бостандығына, еңбек жағдайына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітушіліксіз сыйақы алу құқығы айқындалған.
ҚР Еңбек кодексінің 6 бабындағы 2-тармаққа сәйкес ешкімді еңбек құқықтарын іске асыру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
Еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар заңдарға сәйкес жауапты болады.
Халықты жұмыспен қамту орталығының, Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын, жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратты жасына байланысты қоса алғанда, орналастыруы кәсіпкерлік субъектісіне қарай 30-дан 150 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК-нің 90-бабы).
Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Жұмыс беруші тарапынан осындай заңсыз іс-әрекеттер болған жағдайда азаматтар заңды тұлға орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органына жүгінуі қажет.
Еңбек инспекциясы берілген өтініш негізінде кәсіпорында тексеру жүзеге асырылады және бұзушылықтар анықталған кезде заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Министрлікпен әзірленген Еңбек нарығында талап етілетін жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы (бұдан әрі – Атлас) әзірленді.
Атлас 9 негізгі сала бойынша құрылып, жаңа, трансформацияланатын және жойылып бара жатқан мамандықтарды біріктірді. Дүниежүзілік Банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде 8 сала (мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, құрылыс) Еңбекмині қамтылды, тау-кен металлургия саласын зерттеуді «Еуразиялық Топ» ЖШС өз бетінше жүзеге асырды.
Атласқа 239 жаңа, 95 трансформацияланатын, 129 жойылып бара жатқан мамандық кірді.
Атлас – кәсіби бағдарлаудың алдыңғы қатарлы құралдарының бірі, ол еңбек нарығының болашақ трендтерін түсінуге және өзекті болатын немесе таяудағы онжылдықта пайда болатын мамандықтар мен дағдыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Атластың негізгі мақсаты қазіргі мамандықтарды талдау, өзгеріп және жойылып бара жатқан мамандықтарды ескере отырып, өзекті болатын немесе таяудағы онжылдықта пайда болатын еңбек нарығының болашақ трендтерін, мамандықтар мен дағдыларды айқындау болып табылады.
Атласта айқындалған жаңа мамандықтар болашақта жаңа технологиялардың енгізілуіне сәйкес қандай құзыреттер мен қызметкерлер сұранысқа ие болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Мысалы, жаңаларына мыналар жатады: ҰҰА диспетчері, цифрлық жобалаушы, «Ақылды үйді» жобалаушы, инновациялық биопрепараттардың технологы, туристік маршруттар навигаторын әзірлеуші, этнотуризм менеджері.
Өзгеретін мамандықтар тізбесіне қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар енді, бірақ олардың өзектілігін сақтау үшін мамандар жаңа дағдыларды игеріп, біліктілік деңгейін арттыруы қажет. Осылайша, Атлас өз құзыреттерін қай бағытта дамыту керектігі туралы нұсқаулық болып табылады.
Мысалы, қоймшы (сандық қойма операторы), инженер-конструктор (сандық инженер-конструктор), материалтанушы (инженер композитор), темір ұсташы, жөндеуші (модульдік жөндеу операторы) өзгеретін мамандықтарға жатады.
Жойылып бара жатқан мамандықтар қазірдің өзінде мемлекетке технологиялық даму барысында өзектілігін жоғалтып бара жатқан кейбір кәсіптерге сұраныстың болмауы туралы бағдар береді.
Мысалы, билеттерді беру бойынша қызмет ететін тапсырыс берілген билеттерді жеткізу агенті (саяхатта) жойылып бара жатқан мамандықтар қатарына жатады.
Әзірленген Атлас – бұл Қазақстанның әрбір азаматына келешекте кәсіптің перспективалы болуын ескере отырып, мамандықты дұрыс таңдауға, білім беру ұйымдарына қазақстандықтарды жаңа дағдылар мен құзыреттіліктерге оқыту қажеттілігін ескере отырып, оқу жоспарларын өзектендіруге көмектесетін кәсіби бағдар берудің заманауи құралы.
Атлас нәтижелерін ыңғайлы пайдалану үшін «Электрондық еңбек биржасы» порталының интерактивті ішкі модулінде электрондық сілтеме, сондай-ақ IOS және ANDROID платформаларына арналған Атластың мобильді қосымшасы әзірленді.
Жалпы, Атлас тиісті салалардағы еңбек нарығының болашақ трендтерін айқындауға мүмкіндік беретін және оның нәтижелері оқыту саласында өз көрінісін тапқан еңбек нарығы болжамының озық құралы және сапалы құрамдас бөлігі болып табылады.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күшінің саны 9,2 млн.адамды құрайды. Оның ішінде республика экономикасында 8,7 млн.адам немесе 95,1% жұмыс істейді.
Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі - 4,9% немесе 449 мың адамды құрайды.
Егер жас санатына тоқталатын болсақ, 29-дан 44 жасқа дейінгі азаматтар ең белсенді болып табылады. Бүгінгі таңда экономикалық белсенді халықтың 45% - ын дәл осы санат құрайды.
Тиісінше, жұмыссыздардың жартысын да осы жас санаты құрайды (50% немесе 228 мың адам).
Бұл жерде айта кету керек, жұмыссыздар құрылымында әйелдердің үлесі басым – 53,3%.
Осыған байланысты олар үшін жұмыспен қамтылмаудың ең көп таралған себептері отбасылық жағдайлар (14% немесе 62,6 мың адам), үй шаруашылығын жүргізу (8,3% немесе 37 мың адам), өз еркімен жұмыстан шығу (21,2% немесе 95,2 мың адам) болып табылады.
Бұған лайықты жұмыстың болмауы (жұмыссыздар санының 24% - ы немесе 107,4 мың адам) немесе Штаттың қысқаруы (11,3% немесе 50,9 мың адам) және т. б. себеп болуы мүмкін.
449 мың жұмыссыздардың 166 мыңы (37%) жоғары білімді, 206 мыңы (46%) – кәсіптік білімді, 77 мыңы (17%) – жалпы білімді.
2020 жылы Қазақстанда төтенше жағдай режимі мен шектеу іс-шаралары кезінде табысы жоғалған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарға 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүргізілді.
Бұл төлемді 4,6 млн.адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жалпы сомасы 476,3 млрд. теңгеге алды.
Жұмыссыздарды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін 2 АЕК мөлшерінде төлемдер жүргізілді.
Мұндай төлемдерді наурыздан мамырға дейін 1 млн.адам және шілдеде 1,1 млн. адам алды.
Аймақтың "қызыл аймақта" болуы кәсіпорындардың қызметіне толық тоқтауды білдірмейді. Өңірлерде ұйымдар уақыт, келу және т. б. бойынша кейбір шектеулермен жұмыс істейді.
Сонымен қатар, ұйым қызметін қамтамасыз етудің инновациялық шешімдері әзірленді. Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағандыда spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар Ashyq қосымшасын сынақтан өткізе бастады. Қосымша бизнеске өз қызметін жалғастыруға, вирустың таралу қауіпін азайтуға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді.